Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Президент оқуын тастап кететін балалар мәселесін көтерді

Президент оқуын тастап кететін балалар мәселесін көтерді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында оқуын тастап кететін балалар мәселесін де көтерді. Мемлекет басшысы мұның үлкен проблема екеніне тоқталып, үкіметке мәселені шешуді тапсырды. Ал ұстаздар қашықтан оқыту кезіндегі олқылықтардың орнын толтыру керек деді. Өйткені пандемия ақпараттық жүйе жұмысының осал екенін көрсетті.  

Жақсы кітап – жан азығы. Бірақ барлық зейіні гаджетке ауған қазіргі баланы кітаппен қызықтыру қиын.  Дегенмен ұстаздар буккроссинг секілді тың бастамалардың нәтижелі боларына сенеді.  

Татьяна НОВИЧКОВА, №23 МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ:

Оқушылар гаджет арқылы керекті ақпаратты ғаламтор желісінен іздеп отырады. Сондықтан кітапты өте аз оқиды. «Читающая школа» жобасы іске қосылды. Бұл жоба арқылы оқушылар өз ата-аналарымен бірге кітап оқиды.

Қашықтан оқу  ұлттық телекоммуникация желісінің  қауқарсыздығын көрсетті. Сондықтан базалық білімі жоқ оқушылардың үлкен легі қалыптасты, дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Балалардың оқуын тастап кетуі - үлкен мәселе. Себебі оны қажет санамайды. Мен бұл мәселені байыпты түрде шешуді Үкіметке тапсырамын. Әсіресе, қашықтан оқыту форматына арналған ақпараттық жүйелер сапасын арттырып, білім беру қолжетімді және инклюзивті болуы керек.


Оралда да 9-сыныптан кейін орта арнаулы оқу орындарына ауысқандар қатары көбейген. Дегенмен сала мамандары бұл білім сапасына әсер етпейді деп сендірді. Өйткені   өз қалауымен мектептен кеткендердің бәрі есепте тұрады.

Бағдагүл БАҚТЫГЕРЕЕВА, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ МЕКТЕП СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Олар енді әрі қарай өздерінің қалауы бойынша оқушылардың өздерінің, екіншіден жұмысшы мамандықтары қазіргі таңда өте сұранысқа ие деп айтуға болады. Сондықтан оқушының ата-анасының өзінің келісімімен, оқушының өзінің қалауымен ауысып жатыр.

Биыл 9-сыныпты бітірген 3700 оқушының үштен бірі  арнайы оқу орындарына ауысқан.  Олар техникалық, медициналық және педагогикалық яғни, сұранысқа ие мамандықтарды таңдаған.  
 
Е. Карин