Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Оқиғаның ең шиеленіскен жағдайына дайындалуымыз керек, - президент

AstanaTV
01.09.2021ж. 20:00
1463
Оқиғаның ең шиеленіскен жағдайына дайындалуымыз керек, - президент

Біз сыртқы қатерге дайын болуымыз керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, бүгінгі жолдауында Ауғанстандағы ахуал, жаһандық шиеленіске қатысты осындай мәлімдеме жасады. Ол қорғасын саласын қайта қарауға шақырды. Сарапшылар мемлекет басшысының бұл ойын құптайды. Өйткені, Ауғанстанның өзінде тәліптер үкіметі біртіндеп құрылып жатыр. Қазақстан неден қорқуы керек? Әріптесім нақтылап көрді.

Ауғанстанды тәліптердің басып алуы Орталық Азияның бірқатар елдеріне қауіп-қатер төндіруде. Қасым-Жомарт Тоқаев ең шиеленіскен жағдайға дайын болу керектігін айтты. Ол қорғанысты күшейтіп, сырттан келетін қиындықтарға аса мұқият болу керек деді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ауғанстандағы ахуал және жаһандық шиеленістің күшеюі бізге қорғаныс өнеркәсібі кешенін және Әскери доктринамызды толығымен қайта қарауға міндеттейді. Біз сыртқы қатерге және оқиғаның қалай өрбуіне де дайын болуымыз керек. Стрес-тест өткізіп, сценарийлер дайындаған жөн. Соның негізінде мемлекеттік аппараттың іс-қимыл жоспары әзірленіп, түзетіліп отыратын болады.

Ауғанстанмен не істеу керек? Бұл мәселе қазір Қазақстанда ғана емес, Еуропада да талқыланып жатыр. Жақында Еуропалық Одақ босқындардың келуіне байланысты Ауғанстанның көршілеріне қолдау көрсетуге уәде берді. Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаев пен француз әріптесі Эммануэль Макрон арасындағы әңгімеде белгілі болды. Көшбасшылар жақында телефон арқылы сөйлескен болатын.

Қазір мұнда 90-шы жылдардағы биліктің озбырлығын есінде сақтап қалған тәліптер мен үрейлі халық бар. Бұл - Ауғанстанмен көршілес жатқан елдер босқындарға, есірткі саудасы және заңсыз қару -жарақ саудасымен бетпе -бет келеді деген сөз.

Расул ЖҰМАЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ:

Әңгіме жауынгерлік әзірлікті, шекара қызметінің тиімділігін арттыру, жалпы шекараны бақылау туралы болып отыр. Арнайы қызметтер арқылы көршілес мемлекеттермен жедел қызметтер, бірлескен күш салу үшін. Бұл, әрине, көші -қон қызметі. Қазір босқындар легі бар. Босқындар ағынында қажетсіз заттар болуы мүмкін деген қауіп бар.

Ал тәліптер өз үкіметін құрумен айналысып жатыр. Тіпті, жақында олар министрлер кабинетінің құрамын жариялауға сөз берген еді. Алайда, берілген уәдеге қарамастан ел астаң-кестең күйден әлі шыққан жоқ.
 
Л. Қуанышқызы