$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Елорда мектептерінде карантин талабы ескеріліп жатқан жоқ

AstanaTV
01.09.2021ж. 20:00
1281
Елорда мектептерінде карантин талабы ескеріліп жатқан жоқ

Бүгін-білім күні!  Пандемияға байланысты 1 жарым жыл үйде отырған оқушылар  мектеппен қайта қауышты.  Білім ошағының алды ығы-жығы адам.   Көпшілік санитарлық талаптарды ескеріп жатыр ма? Карантин жағдайында мектептердің жұмысы қалай болады? Балалар ауру жұқтырса не болады? Бұл туралы алғашқы қоңырау шарасына қатысқан тілшіміз Кәмшат Мұхамеджан айтады.   

Елордадағы №71 мектеп лицей табалдырығын биыл 600 оқушы алғаш рет аттады. Бір сыныпта 35-40 бала бар.

Айнагүл СӘДУАҚАСОВА, №71 МЕКТЕП -ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


4000 нан аса оқушы қазір білім алғалы жатыр. Бірінші сынып бізде 17 сыныбымыз бар. Әр сыныпта 35 баладан жоғары.

Негізі санитарлық норма бойынша бір сыныпта 20-25 бала ғана болуы керек. Бірақ мектеп басшылығы, амал жоқ, келген оқушыға білім беруіміз керек. Ғимаратқа кіре берісте  олардың дене қызуы өлшенеді, бетперде-міндетті, дейді. Алайда, жапа тармағай ішке ұмтылған балалар ештеңеге қарап жатқан жоқ.

Бұл жағдайды көрген ата-аналар балаларының денсаулығы үшін алаңдайтынын айтты.  

БЛИЦ:

- Уайым бар, бірнеше бала отырады ғой. +Денсаулығын да, сабағын да ойлайсың.

- Шамалы қобалжып тұрмыз. Ауру бар дегендей. Балалар көп. Қалай болады. Сондықтан уайымымызда бар.


Кәмшат МҰХАМЕДЖАН, ТІЛШІ:

Жаңа оқу жылында көп талқысына түскен тағы бір мәселе ата-анадан баласының денсаулығына өзі жауапты екендігі жайлы қолхат. Нақтырақ айтсақ бала ауырып қалған жағдай тікелей жауапкершілік ата-анада болмақ. Жағдайды мектеп басшысының өзінен сұрап көрдік. Дәл қазір менің жанымда Абай атындағы мектеп гимназия директоры тұр. Мектепке қабылдау үшін осындай жазба талап етілді ме?

Айгүл ОҢДАҒАНҚЫЗЫ, А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №87 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ:


Мұндай ақпарат келіп түскен жоқ. Біз ата-анадан ондай қолхат алып жатқан жоқпыз.

Кәмшат МҰХАМЕДЖАН, ТІЛШІ:

Мектепте бала вирусты жұқтыра қалған жағдайда сыныптың жұмысы қалай жүргізіледі?


Айгүл ОҢДАҒАНҚЫЗЫ, А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №87 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ:


Сыныпта бір бала ауырса сынып жабылады. Топта ауырса сол топ кетеді. Ал, ауысымда 30 пайызға дейін ауыра қалса ауысымда жабамыз.


Еліміз бұл қадамға үлкен тәуекелмен келді.  Бұлай етпеске амал жоқ. Себебі, онлайн оқу білім сапасына кері әсер етті. Олқылықтың орнын толтыру үшін биыл сабақ 45 минуттан өтеді. Қиын пәндер бойынша қосымшалар ұйымдастырылады.  

К. Мухамеджан