Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

АҚШ қара басын ғана күйттесе, ұлы ел бола алмайды - А. Меркель

AstanaTV
24.08.2017ж. 20:00
2399
АҚШ қара басын ғана күйттесе, ұлы ел бола алмайды - А. Меркель

АҚШ қара басын ғана күйттесе, ұлы ел бола алмайды. Германия канцлері Ангела Меркель осылай деп мәлімдеді. Ол «Хандельсблатт» басылымы ұйымдастырған конференцияда: "АҚШ пен Корея Халықтық демократиялық республикасы арасында әскери дау туса, Германия Америка жағында болмайды", - деп кесіп айтты.

Германия канцлері Солтүстік Корея мәселесін соғыспен шешу дұрыс емес деп есептейді. Ал бұл уақытта АҚШ президенті Америка тарапы зымыранға қарсы қорғанысты күшейтенін мәлімдеді. Дональд Трамптың сөзінше, АҚШ зымыран ұшпай тұрып атып түсіретін зымыранға қарсы жүйені күшейтіп, кеңейтеді.