Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары америкалық кәсіпкерлер мен одақтастар жұмысына кедергі келтірмейді - АҚШ елшілігі

AstanaTV
24.08.2017ж. 20:00
2258
АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары америкалық кәсіпкерлер мен одақтастар  жұмысына кедергі келтірмейді - АҚШ елшілігі

АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары Америка бизнесі  мен одақтастар жұмысына  кедергі келтірмейді. АҚШ елшілігінің баспасөз маманы Рэн Эльхай арнамызға берген сұхбатында осылай деді. Оның айтуынша, американдық тарап өздерінің серіктестерімен әлеуетті санкциялармен байланысты мәселелерді нақты проблемаларға айналып кетпес бұрын шешуге тырысатын болады.

Рэн Эльхай, Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз маманы:

Біздің мақсатымыз - қабылданған санкциялардың серіктестерімізге кері әсерін болдырмау. Сондықтан аталмыш мәселеге байланысты барлық сұрақты өршіп кетпей тұрғанында шешуге тырысамыз. Президентіміз Трамп, осы құжатқа қол қоя отырып, яғни Иран, Солтүстік Корея мен Ресей елдеріне жарияланған санкцияларға қарсы, серіктестерімізбен кездесіп, ақылдасуды тапсырды. Украинадағы жағдайды тұрақтандыру - бірлесе атқаратын іс. Осы бағытта өз бизнесіміз бен серіктестеріміздің кәсібіне зиянын тигізіп алмауды қадағалаймыыз.