$519.64 €609.23 ₽6.62
×

Ақтөбеде 6 мектепке «бомба қойылды»

AstanaTV
01.09.2021ж. 20:00
2388
Ақтөбеде 6 мектепке «бомба қойылды»

Ал Ақтөбенің алты мектебінде бүгін алғашқы қоңырау соғылған жоқ. Оқушылар мектеп табалдырығын аттамастан кері қайтты. Нөмірі 2-ші мектептің электронды поштасына қаладағы бірнеше білім нысанына жарылғыш зат қойылды деген   хат келген. Осыған байланысты өтіп жатқан салтанатты шара дереу тоқтатылып, балалар мен   ата-аналар, ұстаздар қауіпсіз жерге шығарылды.

АТА-АНАЛАР:

- Таңертең келе жатқанбыз баламызбен бірінші класқа. Бомба қойылды, жақындауға болмайды деді. Сырттан қайтып бара жатырмыз. Линейка болған жоқ.

- Қорқып кеттік әрине. Бірақ бала білмейді ғой, апайын көргісі келіп еді.

- Охрана болмай ма, мектеп ішіне кіріп қоятын болса? Қауіпсіздік шарасын күшейту керек. Күзет жалдасын. Ойнайтын зат емес қой. Балаларды қайта-қайта таратып жібереді.

 
Мектептердің ешқайсысында «бомба» табылған жоқ. Мерекенің шырқын бұзған адамды қазір полиция іздеп жатыр.