Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Елордада «Тұлпар» сауда үйі өртенді

AstanaTV
01.09.2021ж. 20:00
1805
Елордада «Тұлпар» сауда үйі өртенді

Елордада «Тұлпар» сауда үйі өртенді. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, от таңертең  тұтанған.  Өрт сөндірушілер келгенде  сауда үйінің ең жоғарғы  қабатында орналасқан    жиһаздар мен кілемдер жанып жатқан. Тілсіз жауды ауыздықтауға 19   техника, жеке құрамнан және қаланың өзара іс-қимыл қызметінен 72 адам жұмылдырылған.  Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.Қылмыстық іс қозғалды.

Аягөз ФАЗЫЛОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
 
6 жерден жауынгерлік участкелік құрылып, өртті 3 жақтан сөндіре бастады. Өрт толығымен сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.  


Шығынды есептеу үшін жедел штаб құрылды. Жеке кәсіпкерлердің  нысан иесімен келіссөзі, сондай-ақ сақтандыру қағазы болса,  шығын  толық өтеледі  дейді кәсіпкерлікті  қолдау палатасының маманы.  

Ә. Дүкембаева