Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Павлодарда «Nur Otan» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты

AstanaTV
01.09.2021ж. 20:00
1326
Павлодарда «Nur Otan» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты

Павлодарда «Nur Otan» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты. Бұл жолы партия сапына мұғалім, кәсіпкерлерден бөлек қоғам белсенділері мен мәдениет және спортшылар қосылды. Оларға партия билетін «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко тапсырды. Сондай-ақ, шара барысында партия белсенділері алғыс хаттармен   марапатталды.

Рашит КӨКІШЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазақстан үш бетбұрыс сәттерінде «Nur Otan» ең жауапты учаскелерде болды. Күрделі міндеттерді шешті. Және мен ҚР азаматы ретінде партия қатарына қосылып, азаматтардың өмірін жақсартуға көмектескім келеді.

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір өңірдегі көптеген нысандарда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Партияның облыстық, қалалық депутаттары мониторинг жүргізіп, сапасын назарға алды. Қазір басты мақсат - осы нысандарды уақытылы тапсыру. Өйткені халық күтіп отыр.  

Ө. Қуанар