Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Елордада жолдар жөнделіп жатыр

AstanaTV
03.09.2021ж. 20:00
1688
Елордада жолдар жөнделіп жатыр

2023 жылы елордада жаңа көпір салынады. Бұл өткел Есіл және Алматы аудандарын байланыстырады дейді мамандар. Ал қазір қаланың сол жағалауында 8 жолақты жол төселуде. Оған қоса, қауіпті деп танылған 100 -ге жуық  көшені жөндеу жұмыстары қарқын алды.

Шаһардың сол жағалауында жаңа көше  салынып жатыр. Ұзындығы -1200 метр.  Ұлы Дала даңғылынан басталып Панфилов көшесіне келіп тіреледі.  Бұл көше алдағы уақытта Тұран және Мәңгілік ел көшелеріндегі кептелісті азайтады дейді мамандар. Құрылыс 2023 жылы аяқталады.

Ерқанат БЕКСҰЛТАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛДАРДЫ САЛУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:   

Бұл көшенің салынуына 5 млрд тг қаржы бөлінді. Биыл біз  Ұлы дала даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшелерін байланыстырамыз. Қалғанын келер жылы жалғастырамыз.

Нұр-сұлтан қаласында жол құрылысы бойынша   21 жоба әзірленген. Жеңіл, орта және күрделі жөндеу,  жаңа жол төсеу жұмсытары кезең кезеңімен жүргізілуде.  Елордада  100 -ден астам  көшеге реконструкция жасалады.  Биыл   58 көше жөнделген.   Жыл соңына дейін тізімдегі барлық көше қалыпқа келтірілмек.

Ерқанат БЕКСҰЛТАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛДАРДЫ САЛУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Биыл біз жыл соңына дейін Жұмабаев және Сейфуллин атындағы көшелерге, оған қоса 305-ші, 356-шы көшелеріндегі жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз деген жоспар бар.


Бұл ауқымды жобалар 2019 жылы басталды. Дегенмен, пандемия тудырған қиындықтарға қарамастан, мамандар өз істеріне үлкен жауапкершілікпен қарады. Әрбір жоба жоспарланған мерзімде аяқталуда.  

Ерқанат БЕКСҰЛТАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛДАРДЫ САЛУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:  

Бізде аса қатты айтарлықтай қиындықтар жоқ. Дегенмен, жаяу жүргіншілер мен көлік тізгіншілеріне жолды жауып, кедергі келтіреміз. Оларға басқа жолмен айналып жүрулеріне тура келеді.

Жобаларды жүзеге асыруға  биыл бюджеттен жалпы құны 8 млрд құрайтын қаржы бөлінген. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарына 1000-ға жуық адам жұмылдырылған.

Д. Жарқынбек