$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанадағы тауары өртенген "Тұлпар" сауда үйінің кәсіпкерлері шу шығарды

AstanaTV
06.09.2021ж. 20:00
1616
Астанадағы тауары өртенген "Тұлпар" сауда үйінің кәсіпкерлері шу шығарды

Бүгін елордадағы "Тұлпар" сауда үйінің кәсіпкерлері, бас көтерді. Олар 1-ші қыркүйек күні болған өрттен кейін, әлі күнге жол көрсетер жауапты табылмағанына ашынады.  Сауда нысанының нақты қашан қалыпқа келері белгісіз дейді. Орталық әкімшілігі жөнді жауап бермей отырған көрінеді. Мәселен Айдын Сәлімжанов сауда орнындағы жиһаздарының қандай жағдайда екенін білмей дал. Оның іште шамамен құны 50 млн теңгеге жуықтайтын тауары қалған.

Айдын СӘЛІМЖАНОВ – КӘСІПКЕР:


Жауап ала-алмай отырмын администрациядан. Себебі администрация шығып келіп айтпай жатыр. Жағдайды қандай болады, 2 ай ремонт жасай ма, 3 ай ремонт жасай ма? Халықтың көбісі қазір жұмыссыз қалып отыр. Қаншама шығынға ұшырап отыр. 4-ші этаж жанып кетті. 100 тонна су төгілді үстіне. Қаншама паток болды.  Аренданы да алдын-ала төлеп қойдық. Ол ақшаны да бермей жатыр.


Б. Сатуов