Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Павлодар облысының Береке ауылына балабақша керек

AstanaTV
08.09.2021ж. 20:00
2900
Павлодар облысының Береке ауылына балабақша керек

Павлодар облысы Береке ауылының халқы  балабақшаға зар болып отыр. Мұнда  балаларға арналған жалғыз ғана шағын орталық бар.   Оның өзі небәрі 20 орынға лайықталған.   Тұрғындардың айтуынша, елдімекенде  мұнан өзге де  проблема жетерлік. Ауылдағы ағайынның талап-тілегін  тыңдаған тілшіміз Өзгеріс Қуанардың бейнематериалы.  

Жаңбыр жауса берекеліктердің берекесі қашады. Өйткені ауылдағы көшелердің бір де бірінде асфальт жоқ. Жауыннан кейін ол жолмен адам жүру мүмкін емес. Топырақ езіліп, май батпақ болады."Ал  түнде көше -тас қараңғы. Жарықшамның  көбі істен шыққан"- дейді тұрғындар.  

Гүлсапан ДОСЫМХАНОВА, БЕРЕКЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мынау не деген сұмдық. Күнде батпақ. Машинада батады. Осы жол шаң бұрқырайды. Свет міне 3 ай болды. свет жоқ. мынау не деген сұмдық.


Әнисар САНСЫЗБАЙҰЛЫ, БЕРЕКЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Жол істелген жоқ. Мына жолдың белгі деген түкте жоқ. Ауылдың жарығы деген 3 ай болды жоқ. Ол айтылған. Не халықпен кездесу істемейді.


Тұрғындарды сондай-ақ балабақша мәселесі шаршатқан.  Мың жарымнан астам халқы бар ауылда 20  орынға арналған шағын орталық қана жұмыс істеп тұр. Ал әр үйде бір емес, бірнеше бүлдіршін бар. Сондықтан халық түйінді түйткілді жергілікті билік шешіп берсе дейді.  

Ардақгүл ҚИЫСҚАН, БЕРЕКЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Балабақшаға тек мектептегі мұғалімдердің баласы, жұмысшылардың баласы ғана алады. Ал үйде отырған аналардың баласы балабақшаға алынбайды.  

Жанаргүл  ТІЛЕШ, БЕРЕКЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біздің ауылда көп балалы отбасы өте көп. Бері айтайық біздің садикке қазір 200 бала кіреді. Сондықтан, өзім болғанда баламды Қалқаманға апарып жүрмін. Таңертең апарып, кешке әкелем. Орын жоқ болғандықтан, басқа алып барып әкеле алмайтын ата-аналар қалың.


Ауыл әкімі  бұл мәселелерді шешуге қаржының жоқтығы қолбайлау болып тұрғанын айтады.  

Жамбыл ҚАЙЫРХАНОВ, ДОСТЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:


Жолдың мәселесін және сізге де айтып өттім. Мен оны айта алмаймын. Өтірік айтқым келмейді. Қашан ақша бөлінеді. Сметасы бәрі дайын сол күні біз істейміз. Свет осы бір-екі күнде істеп отыр уже бір жұма болды осы ауылда істеп жатқанына осы ауылда светті. Міне, бір-екі үші күнде бітіреді. Бәр жерде свет болады.


Бірақ елді мекенде  балабақша салу мәселесі қашан шешілері белгісіз. Бөбекжай ашу үшін арнайы ғимарат сатып алынған.Ауыл әкімінің айтуынша, оған күрделі жөндеу жасауға тағы да қаражат жоқ.

Ө. Қуанар