Пандемияның пайдасы. Елорда да келімсектер саны азайған. Мамандардың дерегінше, алақан жайғандардың 80 пайызы шетелдік азаматтар. Былтыр олардың көбісі өз елдеріне кері қайтқан. Қазір көшеде қайыр сұрап жүрген өз азаматтарымыз. Әріптесім олармен тілдесіп, күніне қанша қаражат табатынын біліп келді. Тілшіміз толықтырады.
Әлеуметтік желілерде тиын сұрап, алақан жайғандарға қатысты шағымдар сирек болса да кездеседі. Біз де қала аралап, қайыр сұрағандармен тілдесіп көрдік. Олар негізінен мешіт маңайларында, базар, қоғамдық көліктерде көп жүреді екен. Бізге тап болғандар өз азаматтарымыз. Олар таңнан кешке дейін мардымсыз жалақыға жұмыс істегенше, осылай көше кезіп, тапқан табысым әлдеқайда артық деп отыр.
Бұл адам бір кезде еден жуып, ел қатарлы жұмыс істегенін айтады. Бірақ мардымсыз жалақы жыртыққа жамау болмады деп күйінді. Ал қазіргі табысына көңілі толады. Нәпақасын көшеден іздегендер, полиция мамандарын көрсе ізін жасырады. Қайыршылықпен айнылысып жүргендерге 15 мың теңгеге жуық айыппұл салатын көрінеді. Сондықтан болар, кейбірі бізбен тілдесуден де қашқақтады.
БЛИЦ:
- Бұл жерде әртүрлі адам бар. Әр адамның өзінің проблемасы бар. Жетіскеннен ешкім отырған жоқ бұл жерде. Сізбен сөйлескім келіп тұрған жоқ. Қиын болмаса басқа адаммен сөйлесіңізші.
-Леша, полиция, полиция келе жатыр. Полицейлер бізді қуады.
- Бұл жерден алыс кетейік.
Көші-қон полициясы болса, пандемияның пайдасын көріп отыр. Олар індет басталғалы келімсектерден тазардық деді.
Ғалымжан ПІРІМБЕТОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ІІД КӨШІ-ҚОН БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Полицияның жұмысы арқылы, екінші пандемия ебеп болды, қазір калада шет елдік қайыр сураушылар жоқтың қасы. Қалада 2020-2021 жылы қайыр тілеп жүргендер жоқтың қасы.
Бізге келетіндер негізінен Өзбекстан азаматтары екен. Соңғы кездері бұл көрініске жергілікті тұрғындардың жиі ұшырасуы әрине өкінішті. Тұрақты жұмыстан гөрі, көше кезіп тіленші болуды жөн көретіндердің көбеюі, қоғамға қауіп әкелмесіне кім кепіл.
Д. Жарқынбек