Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жарылыстан кейін жоғалып кеткен Б.Дәуітбаевтың туыстары шу шығарды

AstanaTV
09.09.2021ж. 20:00
3412
Жарылыстан кейін жоғалып кеткен Б.Дәуітбаевтың туыстары шу шығарды

Жамбылдағы жарылыстан кейін жоғалып, әлі күнге дейін табылмай жатқан Бауыржан Дәуітбаевтың туыстары әскери бөлімнің алдына жиналып шу шығарды. Олар әскерилердің сылбыр әрекетіне ашулы. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстарына көңіліміз толмайды дейді.    "14 күннен бері баламыздың не тірі, не өлі екенін білмей өзегіміз өртенді" деген  ата-ана күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылғанын айтады.  Ауыл тұрғындары мен жақын туыстары жарылыс болған жерге жақын орналасқан елдімекендерді түгел  шолып шыққан. Бірақ бірде -бір ақпарат жоқ.  

Талғат ДӘУІТБАЕВ, Б. ДӘУІТБАЕВТІҢ ӘКЕСІ:

Білмеймін ғой, бәрін төңкеріп тастады. Қай жаққа кетуі мүмкін? Қай жаққа кетеді? Төңкеріп жатыр бәрін. 3 мәрте топырақты былай алып, топырақты қайтып орнына қойып жатыр. Сеткамен жұмыс істеп жатыр. Енді бір ғана вопрос. Қай жақта бұл бала? Білмеймін, іздесін, тапсын менің баламды. Солдат солардікі, бала менікі, іздесін тапсын. Кровь из носа іздесін. Маған баламды тауып берсін.

Марат ДӘУІТБАЕВ, Б. ДӘУІТБАЕВТІҢ АҒАСЫ:

Ар жақта кранмен жұмыс істеп жатыр. Өткенде жарылғаннан құлаған бетондар әлі жатыр. Оның бәрін бір кран қойып қойған және төрт бала қойып қойған. Оны алу керек бәрін жылдамдатып.

Ал, әскерилер Бауыржанды іздеуге барымызды салып жатырмыз дейді. Іздестіру жұмыстарына 400 ден астам арнайы жасақ жұмылдырылған.

Дина МУХАРИНОВА, «ТАРАЗ» ГАРНИЗОНЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Біреулер әскери киімдегі адамды көріпті десе, бірден бірнеше көлікпен мамандарды жіберіп отырмыз. Қарайды, іздейді. Қосымша таулы аймақтарда іздеуге арналған арнайы дронымыз бар. Полицейлер де ат салысып жатыр. Себебі Бауыржанды соңғы рет сол жерден көріпті. Әрі, олардың айтқан жерлерінен бірнеше қызметкерімізді таптық. Табуға барымызды салып жатырмыз.


Б. Жұмабайұлы