$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Балалар үйінің тәрбиеленушілері арасындағы үстел теннисінен республикалық жарыс өтті

AstanaTV
23.08.2017ж. 20:00
3127
Балалар үйінің тәрбиеленушілері арасындағы үстел теннисінен республикалық жарыс өтті

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында үстел теннисінен ұйымдастырылған республикалық сайыс өз мәресіне жетті. Жастарды спортқа баулу жобасы осыдан үш ай бұрын басталған. Әр өңірде іріктеу ойындары өткізіліп, тартысқа 40 балалар үйінің 60 тәрбиеленушісі қатысты. Енді міне, финалға өткен 21 өскелең 3 күн бойы өз бақтарын сынап, бас жүлдеге таласты.

Көпкүндік спорт тойын «Бауыржан» қайырымдылық қоры «Нұр Отан» партиясының қолдауымен алғаш рет ұйымдастырып отыр. «Пинг Понг ханшайымы» деп аталған әлеуметтік жоба екі жас аралығы бойынша өтті. Ал турнирдің бас жүлдесі - Қытайға жолдама.

Лаура Мұхамеджанова, бас жүлде иегері ( Павлодар облысы):

Өте қуаныштымын бірінші орынға ие болғаныма. Мен 7 жасымнан бастап теннис үйірмесіне қатысамын. Павлодар облысының Қашыр балалар үйінен келдім. Өте қуаныштымын осы жарысқа қатысқаныма. Бәріне алғысымды білдіремін.

Қайым-Мұнар Табеев, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

Елімізде ең алғаш өткізіліп отырған осы жарыстың маңызы - біздің өсіп келе жатқан жетім балалардың, әсіресе, ата-анасыз қалған, жоқтаушысы жоқ жасөспірімдердің рухын көтеру. Соларды патриотизмге, спортқа баулу.