Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жасотандықтардың ұйымдастыруымен футболдан турнир басталды

AstanaTV
10.09.2021ж. 20:00
1098
Жасотандықтардың ұйымдастыруымен футболдан турнир басталды

Қызылордада өз-өзін жұмыспен қамтып отырған жастар арасында шағын футболдан турнир өтуде. Үшінші жыл дәстүрлі түрде өткізіліп отырған сайыста 14 команда бақ сынауда. Жеңімпаздар қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталмақ. «Jas Otan» жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалы ұйымдастырған шара екі күнге жоспарланған. «Турнирді ұйымдастырудағы мақсат жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау» дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ, сайыс барысында қатысушылар, «Кеңес орталығы» жобасы аясында мамандардан тиімді ақпараттар алуда.

Медет ЖОРАБЕК, «JAS OTAN» ЖҚ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттайтын барлық мемлекеттік органның қызметкерлері осы жерде кеңес беру жобасын ұйымдастырып жатыр. Яғни бос уақытында жастар, кешті қызықты өткізеді, жаңа достар, жаңа орта табады, сонымен қатар, жаңа айтқан бағдарламалармен танысып кетеді.

Берік ЖОЛДЫБАЙ, ҚАТЫСУШЫ:
 

Жұмыстан бос уақытта футбол ойнаймыз. Жарыс өте жоғары дәрежеде өткізіліп жатыр. жүлде қоры да өте жоғары. Барлық спортшылардың қызығушылықтары да жақсы. Командалардың барлығы мықты. Алғашқы ойын жақсы өтті.

М. Тоқтасынқызы