$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елордада 110 мыңға жуық жас мемлекеттік бағдарлама игілігін көреді

AstanaTV
13.09.2021ж. 20:00
3329
Елордада 110 мыңға жуық жас мемлекеттік бағдарлама игілігін көреді

Елордада 110 мыңға жуық жас  мемлекеттік бағдарламалар игілігін көреді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы  Ақұлан Тастемір айтты. Оның айтуынша елордалық жастарды  қолдау шаралары жылдан-жылға артып келеді.  

Бұл -Айзат Тұрсынбек. Қостанай облысының тумасы. Астанаға арман қуып келген жас 2015 жылы   оқуға түсіп,  туризм мамандығы бойынша диплом алған.   Бірақ    жоғары оқу орнын енді бітірген жас жұмыс таппай қиналған. Тек  мемлекеттік жастарды қолдау мақсатында қолға алынған "Қоғамдық  қызмет" бағдарламасының көмегімен  еңбекке араласыпты.

Айзат ТҰРСЫНБЕК, ЖАС МАМАН:

2019 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істеп келе жатырмын осы бағдарламамен.  Қасымдағы достарым да ең бірінші оқу бітіргеннен кейін жұмыстарын таба алмады. +Бұл қызметтің жастарға берері өте көп, жақсы ортада  әртүрлі қызметтегі адамдармен танысасын және құжаттармен жұмыс жасайсын.

Елордада жастарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар жылдан жылға көбейіп келеді.  "Бұл -жастар үшін таптырмас мүмкіндік" дейді мамандар. Бір ғана жұмыссыздық мәселесін шешу үшін 3 бағдарлама жүзеге асырылуда.   

Ақұлан ТАСТЕМІР, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бұл -жастар практикасы, қоғамдық қызмет жәнеде алғашқы жұмыс орны деген бағдарлама. Үшеуі де университетті жаңа бітірген жастардың дипломын тәжірибе жинау мақсатында, кез-келген жұмыс орнына барсаңыз тәжірибе сұрайды соның алдын-алу мақсатында 6 айлық жәнеде 1 жылдық тәжірибені өтеу жәнеде сол жерде жұмысқа қалуға мүмкіндік береді.

Жастар арасында    жұмыстан бөлек баспана мәселесі де өзекті. Осыған орай биыл жауаптылар "Елорда жастары" бағдарламасы іске қосылатынын айтады.Сондай-ақ жыл сайын жас мамандарды жалдамалы пәтермен қамту да жоспарлы жүзеге асырылып келеді дейді.

Б. Сатуов