Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Бас қалада 100-ге жуық отбасы жылусыз қалмақ

AstanaTV
14.09.2021ж. 20:00
1063
Бас қалада 100-ге жуық отбасы жылусыз қалмақ

Елорда іргесіндегі ауылдың тұрғындары  да биыл жылусыз қаламыз деп  қорқып отыр. Жылу беру маусымының басталуына аз қалғанда  құбырларды жөндеу жұмыстары енді  қолға алынған.  Тұрғындар алаңдаулы.  Олардың талап-тілегін тыңдаған тілшіміз   Динара Жарқынбектің бейнематериалы.

Динара ЖАРҚЫНБЕК, ТІЛШІ:

Бұл- қаладан 14 шақырым жерде орналасқан Интернациональный ауылы. Бұндағы екі қабатты тұрғын үйлерде жыл сайын қыс келісімен жарық пен жылудың машақаты басталады.  Жауаптылар жылдап бітірмеген жұмысты енді алдағы 1 аптада қолға алып, нәтижесін шығарамыз дейді.

5 жыл бұрын ғана салынған тұрғын үйдің жылу құбырлары ескіріп,   жарамсыз болып қалған. Сол себепті былтыр 100-ге жуық отбасы жылуға жарымады.  Ал, жауаптылар  тұрғындарға электрлі жылыту пештерін таратып, жұбатқан.

Қуат МҰҚАШЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Қыстың күні отопление құбыры жарылып, біз жылусыз отырдық. Тоқ пештерін берді КСК. Сол айда, тек қана жарыққа 76 мың теңге шықты.

Автономды жылу жүйесіне енгізілген көп пәтерлі кешеннің ай сайынғы төлем құны әжептеуір ақша.   Кез-келген отбасының қалтасы көтермейді.   "Орталықтандырылған газ жүйесіне көшсек шығынға белшемізден батпас едік" дейді ауыл тұрғындары.

Қуат МҰҚАШЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Қаладан газдың бәрін кіргізіп жатыр ғой. Соны қосу үшін бізден 4,5 млн теңге сұрап отыр. Соны біз  қалтамыздан жинап беруіміз керек, 4.5 млн теңгені.


Тот басқан құбырлардың жарамсыз екенін мамандар да растайды.  Бірақ орталық газ жүйесіне қосу үшін  7 млн  теңгеден астам аса қаржы керек дейді.  Әкімшілік өкілдері де  бұл мәселені шеше алмайтынын ашық айтты.  

Мадияр ТҰҚПАТОВ, АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ:

Газдандыру мәселесі бойынша біз халыққа бірден айттық, әкімдік тарапынан 100%-ға ауыстырып береміз деген қиынға соғады. Біз де оған уәде берілген жоқ.

Әзірге тек құбырлар жаңартылады. Өткен апта жоба дайныдалып, жөндеу жұмыстары енді басталды. Әкімшілік өкілінің айтуынша, 5-6 күнде аяқталады. Бірақ тұрғындар оған күманмен қарап отыр. Бір жыл істелмеген шаруа бір аптада бітеді дегенге сену қиын дейді.
 
Д. Жарқынбек