Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматы облысының тұрғыны әйелінің мәйітін суға ағызып жіберген

AstanaTV
16.09.2021ж. 20:00
1507
Алматы облысының тұрғыны әйелінің мәйітін суға ағызып жіберген

Алматы облысының тұрғыны  әйелін аяусыз ұрып-соғып, қабырғаларын сындырған. Онымен қоймай, қатты соққыдан көз жұмған  әйелінің мәйітін  Үлкен Алматы каналына лақтырып жіберген. Жантүршігерлік оқиғаның өзге де жай-жапсарын оқиға орнына барған тілшіміз  Әсем Лесбек анықтап көрді.   

Мұрат Юсупов өткен жексенбіде болған көріністі қорқынышпен еске алады. Үлкен Алматы арнасы маңындағы зауытта жұмыс жасайтын ол, сол күні таң атысымен өзенге келіпті. Зауытқа қарай аққан суды бөгемек болған.

Мұрат ЮСУПОВ, ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Басы судың ішінде жатыр екен и басы жабық бір киіммен. Денесімен аяғы судан шығып тұр. Сразу білдім уже труп болғанын. Ниче не сделаешь сразу телефонды алып звандадым. Шошып кеттім, әйелді көрген кезде звандай алмай дірілдеп.

Жергілікті тұрғындар әйелдің денесі адам шошырлық жағдайда болды дейді. Біреудің аяусыз ұрғаны анық байқалды деп отыр.

Анатолий, ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мәйіт ісініп кеткен. Беті-аузы ісіп, көгеріп. Былтырда осы жерде бір әйелдің денесі табылып еді.

Полиция тергеу кезінде марқұмның жеке тұлғасын анықтаған. 37 жастағы Талғар қаласының тұрғыны екен. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен келіншектің күйеуі ұстапты. Ол жайсыз жайттың ұрыс-керістен басталғанын айтқан. Кейін аяусыз соққыға жығып, тіпті қылмысын жасырғанын да мойындаған.

Әбілтай ӘБЕНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қылмысты жасады деген күдікке 48 жасар марқұмның күйеуі ілінді. Тергеу барысында күдікті 6 қыркүйек күні ұрыс кезінде әйелін өлтіріп, қылмысын жасыру үшн каналға лақтырылғаны мойындалды.

Қамауда отырған күдіктіге қатысты, Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастап кеткен.  
 
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Яғни «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу» бабымен іс қаралуда. Бұл бап бойынша, күйеуінің кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 12 жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ә. Лесбек