Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Дәріханаларда есірткі және тәуелділік тудыратын элементтері бар дәрілер сатылады"-ІІМ

AstanaTV
16.09.2021ж. 20:00
3858
"Дәріханаларда есірткі және тәуелділік тудыратын элементтері бар дәрілер сатылады"-ІІМ

Атырау қаласында 24 жастағы бойжеткен  трамадол және трапикамед дәрі-дәрмегін заңсыз сатқан.  Ішкі істер министрлігінің өкілдері бұл   психотроптық дәрілердің құрамында есірткіге тәуелділік туғызатын элемент бар дейді.  Сондықтан соңғы кезде жасөспірімдердің  оны есірткі ретінде пайдалану фактісі жиілеген.  Толығырақ тілшіміз  Ақбота Базарбай тарқатады.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша,  дәріханаларда сатылып жатқан кейбір препараттың құрамында  есірткі   бар.  Онан бөлек адамды есінен адастыратын дәрі де көп   дейді.

Бақытжан ӘМІРХАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Соның ішінде ең қауіптісі - "Трамадол" препараты. Бұл – синтетикалық опиодты анельгетик немесе синтетикалық героин. Дәл осы Трамадолдан нашақорлық басталады. Оған тәуелді болған адамды бірден анықтау қиын. Себебі нашақор тұмаумен ауырғандай болады. Бір нәрседен уланғандай болып көрінеді. Жасөспірім препаратты пайдаланса, ата-ана байқамай қалуы да мүмкін.

Трамадол барлық дәріханада бар. Қолыңда дәрігер қағазы болса, кез-келген адам сатып ала алады.  

"Трамадолдан" басқа да  жасөспірімдер эйфория үшін қолданатын дәрі-дәрмек жетеді.  Мысалы, Тропикамид пен Цикломед сияқты көзге тамызатын дәрілер. Оны да жастар есірткі   ретінде пайдаланатын көрінеді.
 
Бақытжан ӘМІРХАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Бұрын осы препараттар тыйым салынған есірткі зат тізіміне кірмейтін. Сондықтан полиция тиісті шара қолдана алмады. Биыл маусым айында үкімет қаулысымен ол препараттарды күшті әсері бар зат тізіміне қосты.  

Сараптама орталығы мамандарының  айтуынша Трамадол препаратының құрамында есірткі жоқ. Бірақ қатты әсер ететін  дәрілер қатарына жатады.  

Хорлан ИСҚОЖИЕВА, ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ САРАПТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Үкіметтің қаулысына сәйкес, әсері күшті препараттар тізіміне енгізілген. Құрамында  есірткі заттары жоқ. Трамадол - бұл норкатикалық дәрі -дәрмектер тізіміне енбейді. Қатты әсер етуші дәрі-дәрмектер тобына жатады.   

Сараптама орталығының мамандары  марфин, промидол және опиум препараттарының құрамында есірткі бар дейді. Сондықтан олар дәріханаларға берілмейді.  Ал өзге препараттар емін- еркін сатыла береді.

А. Базарбай