Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Елбасы "Назарбаев Университетінің" президенті Шигео Катсуды қабылдады

AstanaTV
16.09.2021ж. 20:00
1259
Елбасы "Назарбаев Университетінің" президенті Шигео Катсуды қабылдады

Елбасы "Назарбаев Университетінің" президенті Шигео Катсуды қабылдады. Кездесу барысында университеттің 10 жылдағы жетістіктері сөз болды. Сондай-ақ, одан әрі дамыту стратегиясын жүзеге асыру талқыланды. Елбасы өз сөзінде "Назарбаев Университеті" қысқа мерзім ішінде жоғары білікті кәсіби кадрлар даярлайтын және ұлттық ғылымды дамытатын жетекші оқу орнына айналғанын атап өтті.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жас мемлекетке заманға сай кадрлар қажет болды. Сол үшін "Болашақ" бағдарламасын жарияладым. Кейін мамандарды "Назарбаев Университетінде" даярлай бастадық. Біздің бағдарламаны дамытудың келесі кезеңі - Алматыда құрылады деп жоспарланған - Жасанды интеллект кампусының ашылуы. Қазірдің өзінде жобаны іске асыруға қатысатын шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізілді.

Қазір университетте 6800-ден астам студент оқиды. Ғылыми зерттеулердің сапасы бойынша "Назарбаев Университеті" құрлықтың жетекші оқу орындарымен бәсекелесе отырып, Еуразия кеңістігіндегі ТОП-10-дыққа кірген. Шигео Катсу, Университеттің 2018-2030 жылдарға арналған Стратегиясының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынды.

Шигео КАТСУ, "НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ" ДББҰ ПРЕЗИДЕНТІ:

Назарбаева университетін құрудың басты мақсаты әлемдік деңгейдегі жоғарғы оқу орнын ашу болды. Бірақ мұнда білім алу шетел университетіне қарағанда екі есе арзан. Ең бастысы  сапалы  білім беру. Болашақта жасанды интелект барлық салада қалыптасады. Сол үшін біз бұны қолға алып отырмыз.

А. Базарбай