$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада әскерге шақыру маусымы басталды

AstanaTV
16.09.2021ж. 20:00
1674
Елордада әскерге шақыру маусымы басталды

Елордада күзгі әскерге шақыру маусымы басталды.  Биыл Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының қатарын 18-27 жас аралығындағы он жеті мыңға жуық жас азамат толықтырады  деп күтілуде.  Соның 700-і -Нұр-Сұлтан қаласынан.  

Күзгі науқандық шараны   жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыруда.  Шақырту бұрынғыдай тек хат түрінде емес, қазір 1414 нөмірі арқылы смс хабарламамен де жіберіледі. Хабарлама алғандар  тұрғылықты мекен-жайы бойынша әскери комиссариаттарға барады.

Ернұр ӘБІЛӘЗІМҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін осы дәрігерлік комиссияны өтіп жатырмыз. Комиссия маған жарамдысын деп айтты. Осы отандық борышымызды бір жыл өтеуге бара жатырмыз және бұған мен өте қуаныштымын.Өзімнің қатарластарым мен дос-бауырларымды өзіміздің Отан алдындағы борышымызды өтеуге шақырамын.

Шақырту науқаны осымен екінші жыл карантин жағдайында өткізіліп жатыр. Сондықтан әскерге шақырылғандар жиын бөлімшесінде және әскерге барған кезде ПТР тест арқылы тексеріледі.Сондай-ақ  әскерден  босатылған немесе кейінге қалу құқығы бар азаматтар енді бөлімшеге бармай-ақ, арнайы порталға тіркелсе жеткілікті.

Ғани АРТЫҚОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ӨКІЛІ:

Олар сол құқығын алу үшін үйінен шықпай-ақ elicense.kz порталына кіріп, қауіпсіздік бөліміне өтіп, соның ішіндегі қажетті мемлекеттік органды таңдап өздерінің әскерге шақыруды кейінге қалдыру мұрсатын беретін құжатын электронды түрде сол жерге бекітіп,әскерге шақыру комияссисының назарына ұсына алады.

Күзгі науқанда еліміз бойынша шамамен 70-80 мыңдай  бозбаланы арнайы дәрігерлік тексеруден өткізу жоспарланған.  Ал, шақыртуды қабылдамай, бас тартқандар әкімшілік жазаға тартылады, тіпті темір торға да тоғытылуы  мүмкін.

Б. Сатуов