Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Еуразиялық медиафорумның ресми ашылу салтанаты өтті

AstanaTV
16.09.2021ж. 20:00
1494
Еуразиялық медиафорумның ресми ашылу салтанаты өтті

Бүгін Елордада Еуразиялық медиафорумның ресми түрде ашылу салтанаты өтті. Ауқымды шараға қатысушылар Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін талқылады. Сондай-ақ,   фейк ақпараттармен   күресу, пандемиядан қиындықсыз шығу  мәселелері туралы сарапшылар өз ойларын ортаға салды.

Еуразиялық медиафорумның бүгін екінші күні.  Ресми ашылу шарасына қатысқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын жеткізді.

Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Мен сіздерді XVII Еуразиялық медиафорумында көргеніме өте қуаныштымын! Осы уақыттың ішінде тең танымал саясаткерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өте өзекті мәселелерді қарастырды. Сонымен бірге, жаңа ұстанымдарды ұсынды. Бұл форум бірінші рет онлайн форматты өтіп жатыр, бірақ шараның маңызы бұдан жоғалмайды.


Шараның сарапшылар құрамы мықты жасақталған. Олар   түрлі тәсілдерді ортаға салды. Әлемнің 25 елінен келген   60 спикер Қазақстанның 30 жылда жүріп өткен жолын  саралады. Форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның айтуынша,   Қазақстанның халықаралық аренадағы   рөлі - орасан.

Дариға НАЗАРБАЕВА, ЕУРАЗИЯЛЫҚ МЕДИАФОРУМЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Бүгінгі Қазақстан жауапты мемлекет және оның әлемдік саясаттары өзге елдерде де, Орталық Азияда да өте маңызды рөл атқарады. Соңғы отыз жылдықта Қазақстан осы өңірдегі қауіпсіз, бейбітшілікке жауапты мемлекет ретінде жұмыс істейді.

Форумға онлайн қатысқан Ресей Федерациясы Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко Қазақстаннан көп нәрсе үйренуге болады деді. Әсіресе, саяси тұрақтылық пен экономикалық өсім жағынан.   

Валентина МАТВИЕНКО, РФ ФЕДЕРАЛДЫҚ ЖИНАЛЫСЫ ФЕДЕРАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:
 
Адамдардың дамуы үшін жағдай жасалған. Қазақстан үнемі қозғалыста және даму үстінде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың барлық  өтініштеріне жедел және тиімді жауап беретін «есту мемлекеті» тұжырымдамасын ұсынды.


Әлемді дүр сілкіндірген пандемия, жалған ақпарат пен шынайы мәліметті  қалай ажыратуға болады? Шынымен, коронавирус қалыпты өмірге кері әсер етті.  Мемлекеттер арасындағы қарым- қатынас төмендеп, адамдар оқшаулануға мәжбүр болды. Есесіне,   оқуға, ізденуге деген құлшыныс артты, дейді қатысушылар.

Тереза РИБЕЙРУ, ЕҚЫҰ - НЫҢ БАҚ БОСТАНДЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛІ:


Пандемия бізді мобильді болуға міндеттеді, біз сандық мүмкіндіктерді көбірек дамытуға және пайдалануға мәжбүр болдық. Сонымен қатар, жақсы, сенімді ақпараттың маңыздылығын атап өткім келеді. Атап айтқанда, бұл пандемия журналистік зерттеулердің дамуына түрткі болды.


Пандемияның тигізген зияны әлем бойынша шамадан тыс жалған ақпараттар кең таралды.  Жиынға қатысқан сарапшылар фейкті шынайы мәліметтен қалай ажыратуға болатынын және оны таратушылармен күресу жолын талқылады. Диалог пен өзара түсіністік - Еуразиялық медиафорумының басты мақсаты. Ұйымдастырушылар бұл тапсырманы өте жақсы орындауға тырысты. Шарада бұдан бөлек, экологиялық мәселелер де көтерілді. Форум ертең де жалғасады.

А. Данияр