Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елордада өткен XVII Еуразиялық форум аяқталды

AstanaTV
17.09.2021ж. 20:00
1516
Елордада өткен XVII Еуразиялық форум аяқталды

Физикалық заңдылықтың орнын виртуалды әлем баса алмайды. Ал, цифрлық қауіпсіздік ең осал сала болып қала береді. Бұл мәселелер Елордада өткен Еуразиялық медиафорумның соңғы күнінде талқыланды.  Сондай-ақ  медиа және технологиялар трендтері мен болашақта пайда болатын мамандықтар туралы сөз болды.  Тақырыпты әріптесім Асылбек Данияр жалғастырады.  

XXI ғасырдың ең басты проблемаларының бірі - киберқауіпсіздік. Күн сайын  жаңа технологиялар шығып жатқандықтан оған тосқауіл қою мүмкін емес. Бұл XVII Еуразиялық медиафорумның сарапшыларын да алаңдатып отыр.  Өкінішке орай, әлем бойынша кибершабуылды тоқтататын   әдіс әлі табылған жоқ.

Екатерина ШУЛЬМАН, САЯСАТТАНУШЫ:

Ешкім де барлық ауруды емдей алатын дәрі тіпті, оның рецепті жоқ. Әр мемлекет өз халқынан, ал елдер басқа мемлекеттерден қорқып отырады. Әр адам уақыты келгенде беріледі. Ешкім ақпараттық кеңістіктен құтыла алмайды. Оны өзіне бағындыру да мүмкін емес.  Әркімнің жағдайға бейімделуіне тура келеді.


Алина Ким- 18 жаста. Тик-ток жұлдызы десек те болады. Қазір  әлеуметтік желідегі аудиториясы 30 миллионға жеткен. Ғаламторда ашық, көңілді көрінгенімен, адамдардың алдында сөйлеуге дағдыланбаған.

Есесіне, желіде оған тең келетін адам жоқ. Болашақта бұл үрдіс керек пе, жоқ па оны уақыт көрсетеді. Дегенмен, форум спикерлерінің айтуынша, бүгіннен бастап дабыл қағу керек. Әлемге танымал режиссер Тимур Бекмамбетов виртуалды кеңістікте өзін жайлы сезінгенімен, шынайы өмір олар үшін жайсыз,  Яғни қоғамда осындай  ұрпақ пайда болды, дейді. Сондықтан, алдағы уақытта интернетте ненің рас-өтірігін айыру қиындайтынын жеткізді.

Тимур БЕКМАМБЕТОВ, КИНОРЕЖИССЕР:

Кейбір жағдайда керемет блогерлердің өзі шатасады және ұялшақ келді. Оларда тағы бір реакция бар-бұл агрессия. Оқушы мылтықпен келіп, оқушылар мен мұғалімдерді атып жатқан жағдай да болды. Ол да осындай желіден келді. Агрессия-бұл екі кеңістіктің арасындағы алшақтықтың айқын көрінісі.

Ал, ғаламторда танымалдылыққа ие болған жас ұрпақтың пікірі басқа.

Алина КИМ, TIK-TOK ЖҰЛДЫЗЫ:


Менің аудиториям маған үнемі қолдау көрсетеді. Адамдардың жылы пікірлер мен қолдаулары мен әрі қарай ынталандырады. Көрермендерімнің арқасында мен одан әрі дами беремін.

Бүгін XVII Еуразиялық медиафорум аяқталды. Шара бүкіл әлемнің сарапшыларын, қоғам және мәдениет қайраткерлерін бір алаңға жинауға мүмкіндік берді. Түрлі идеялар мен көзқарастар айтылды. Ұйымдастырушылар форумда пандемия кезінде маңызы арта түскен мәселелерге тоқталды. Айта кету керек, жиын онлайн формат өтсе де оның пікірталасқа ешқандай зияны тиген жоқ.

А. Данияр