Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалог құру керек,- Қ.Тоқаев

AstanaTV
17.09.2021ж. 20:00
1655
Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалог құру керек,- Қ.Тоқаев

Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалог құру керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерге осындай ұсыныс айтты. Дегенмен, бұл - тәліптерді мойындау керек деген сөз емес. Аймақтық тұрақтылықты сын-қатерлерден сақтау мен сауда-экономикалық байланыстарды реттеуге мүмкіндік береді деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ, қазіргі Үкіметің болашақтағы іс-әрекеттеріне және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тиісті шешімдеріне байланысты екенін тілге тиек етті. Бұдан бөлек, аталмыш жиында терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимылдар жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту жайы талқыланды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жақын арада Ауғанстан аса ауыр азық-түлік дағдарысына ұшырауы мүмкін. Осы қиыншылық Орталық Азия аймағының да шекарасын айналып өтпейді. Оның салдары жаһандық сипат алады. Аталған жағдай, ең алдымен, тұрғындардың көшуге мәжбүр болуынан туындайды. Алайда, қазір жай болжам жасаудың емес, нақты іске көшудің маңызы зор. Елдеріміз бен ұйымдарымыз деңгейінде Ауғанстан халқына көмектесу үшін «гуманитарлық көпірді» жедел түрде салған жөн. Осы орайда, Алматыда аймақтық хаб құруды ұсынамын.


А. Данияр