Елордалықтар 1 желтоқсаннан бастап цифрлық хабар тарату жүйесіне толықтай көшеді. Яғни аналогтық хабар тарату өшіріледі. Осылайша, бас қаланың тұрғындары сапалы 25 арнаға қол жеткізе алады.
Елде цифрлық хабар тарату жүйесіне көшу 3 жыл бұрын басталды. Осы уақыт ішінде бес жүзден астам радио теледидар тарату станциялары салынды. Жаңа формат халықтың 90 пайыздан астамын қамтиды. Елдің батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұрғындар қазірдің өзінде теледидарды жақсартылған сапада қарайды. Дегенмен 1-ші желтоқсанынан бастап, Нұр-Сұлтан қаласы аналогтық хабар таратудан мүлдем бас тартады.
Руислам НҰРДӘУЛЕТ, «ҚАЗТЕЛЕРАДИО» АҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Эфирлік цифрлық телехабар сигналын алу үшін азаматтарға, ең алдымен, теледидардың DVB-T2 стандартын тексеру қажет. Егер ол стандарт болса, онда антисиметр антеннаны сатып алып, оны теледидарға қосу керек. Егер бұл стандарт теледидарда болмаса, онда сандық қабылдағышты сатып алу қажет.
Келесі жылы цифрлық теледидар халықтың кем дегенде 98 пайызын қамтымақ. Оның артықшылығы сол, сапа жақсарады және ауа райына төзімді болмақ.
Руислам НҰРДӘУЛЕТ, «ҚАЗТЕЛЕРАДИО» АҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Кескіннің, дыбыстың сапасы артады. Адамдар дыбыс пен суреттің сапасын сезінетін болады. Бұл сигнал өте тұрақты. Ал аналогты сигнал сыртқы әсерлерге өте сезімтал. Сондықтан кескіннің өзгеруі мүмкін, дыбыс сапасының жоғалуы түсінікті жайт. Сондай-ақ жарқыл да пайда болып тұрады.
Айта кетейік, цифрлық телехабар таратуға қосылу туралы ақпаратты толығырақ «Қазтелерадио» корпоративтік сайтынан білуге болады.
Б. Сатуов