"Нұр Отан" партиясының сайлауалды бағдарламаларының орындалуы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаттың депутаттық фракция отырысында талқыланды. Сарыарқа ауданы әкімінің айтуынша, 8 бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүріп жатыр. "Demalys Promenade" саябағы жоспарланған мерзімде тапсырылған. Онан бөлек 20 аула абаттандырылуда.
Есет БАЙКЕН, НҰР-СҰЛТАН қ.САРЫАРҚА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
Біз жоспарланған уақыт бойынша жұмыстарды өткізіп жатырмыз. Мәселен, биыл елордадағы тарихи орындарды жаңарту жұмыстарын жүргіздік. Аулаларды қоршадық. Жоспарланған 49 ауланы абаттандыру шаруалары 20-сы ай соңына дейін бітеді.
Депутаттық фракция отырысы ай сайын өтеді. Қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Қаналимовтың айтуынша, бұл жобаларды жүзеге асыруды жеделдетеді. Туындаған мәселелерді шешуге мүмкіндік болады.
Ерлан АНАЛИМОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Біз сайлауалды бағдарламаның жұмыстарын үздіксіз қадағалаймыз. Жиі кездесіп талқылаймыз. Мүмкін бірінде шешілмей жатқан мәселелер бар шығар, мүмкін бірінде қаржы жағынан проблема бар шығар. Біз бәрін қадағалаймыз.
Д. Жарқынбек