Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қоғам белсенділері елордалық жұмыссыз жастармен кездесті

AstanaTV
17.09.2021ж. 20:00
1262
Қоғам белсенділері елордалық жұмыссыз жастармен кездесті

Еш жерде жұмыс істемейтін және оқымайтын елордалық жастармен TEDx форматында кездесу өтті. Әртүрлі салада жетістікке жеткен спикерлер  тәжірибелерімен бөлісіп, жастарды ынталандырды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде жастардың үлесі 20 пайыздан асқан. Соның жартысына жуығы NEET санатына жатады.

Асылжан БҮРКІТАЛИН, "JAS OTAN" ЖҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Елорда жастарына мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру және сонымен қатар біздің өзіміздің жастарымыздың арасында жетістікке жеткен азаматтарды көрсетіп, оларды мотивация, үлгі есебінде көрсету. Біздің шақырып отырған әрбір спикеріміз өзінің жасына қарамастан әр түрлі салада жетістікке жеткен болып табылады.  

Іс-шараның мақсаты-жастарды өзін-өзі дамытуға ынталандыру,  олардың жеке және кәсіби әлеуетін ашу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, пандемия кезінде NEET санатындағы жастардың саны өскен. Бұл қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Бұған дейін мұндай шаралар Алматы мен Орал қалаларында өткізіліпті. Алдағы уақытта Павлодар мен Түркістан облыстарына бару жоспарда бар дейді.

А. Базарбай