Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Сайлауалды бағдарламаның орындалуы фракция отырысында талқыланды

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы фракция отырысында талқыланды

"Нұр Отан" партиясының сайлауалды бағдарламаларының орындалуы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаттың депутаттық фракция отырысында талқыланды. Сарыарқа ауданы әкімінің айтуынша, 8 бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүріп жатыр. "Demalys Promenade" саябағы жоспарланған мерзімде тапсырылған.  Онан бөлек 20 аула абаттандырылуда.

Есет БАЙКЕН, НҰР-СҰЛТАН қ.САРЫАРҚА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз жоспарланған уақыт бойынша жұмыстарды өткізіп жатырмыз. Мәселен, биыл елордадағы тарихи орындарды  жаңарту жұмыстарын жүргіздік.  Аулаларды қоршадық. Жоспарланған 49 ауланы абаттандыру шаруалары 20-сы ай соңына дейін бітеді.


Депутаттық фракция отырысы ай сайын өтеді. Қалалық мәслихат  хатшысы Ерлан Қаналимовтың айтуынша, бұл жобаларды жүзеге асыруды жеделдетеді. Туындаған мәселелерді шешуге мүмкіндік болады.

Ерлан АНАЛИМОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Біз сайлауалды бағдарламаның жұмыстарын үздіксіз қадағалаймыз. Жиі кездесіп талқылаймыз. Мүмкін бірінде шешілмей жатқан мәселелер бар шығар, мүмкін бірінде қаржы жағынан проблема бар шығар. Біз бәрін қадағалаймыз.

Д. Жарқынбек