Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бір аптада ішімдік ішкен 130 жасөспірім ұсталды

AstanaTV
20.09.2021ж. 20:00
1160
Бір аптада ішімдік ішкен 130 жасөспірім ұсталды

Бір аптаның ішінде елімізде 360 жасөспірім бұзақылық жасаған. 130 жеткіншек  ішімдік ішіп, ұсталған. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Мамандардың айтуынша,  ол  балалардың дені- қолайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқандар.  

Бұл келеңсіздіктер жасөспірім қылмыстарының   алдын алу жедел іс-шарасы аясында анықталды.   Бір аптада түнгі уақытта  көшеде бей-берекет жүрген 4,6 мың жасөспірім ұсталған.  

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жасөпірім бұзақылығының 360-тан астам фактісі әшкереленді. Шамамен 130 жасөспірім алкоголь ішкені және мас күйде жүргені үшін ұсталды.Бейімдеу орталығына қадағалаусыз және қорғансыз жүрген 260-тан астам жасөспірім орналастырылды.

Сондай-ақ өз міндетіне немқұрайлы қараған 600-ден астам ата-ана анықталды. Соның 500-ден астамы  әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

БЛИЦ:

- Өзім ойлаймын интернет бұзады деп балаларды. Екіншіден орта бұзады. Ортада сол интернеттен үйренеді. Ол орта басқа жақтан әкелмейді ғой.

- Ренжисің. Болған ондай оқиға. Айтасың, ақылыңды айтасың.

- Ол ортасына байланысты деп ойлаймын.  Ата-анасының тәрбиесіне байланысты.


Психологтардың айтуынша, өтпелі кезеңде жасөспірімдер ерте есеюге тырысады. Ішіп, шылым  шегіп, өздерін ересек адам ретінде сезінетіндері бар.  Сондықтан  ата-аналар  өте мұқият болуы керек дейді.

Балабек САҚТАҒАН, ПСИХОЛОГ:

Балалардың бұндай жағымсыз әрекеттерге баруы ата-аналардың тарапынан бақылаудың төмендеуі, болмаса қалыс қалуы, байқамай қалуы. Әсіресе осы жасөспірімдік кезеңде  балаларды үнемі бақылауда ұстау керек. Сол уақытта олардың бойларындағы әр түрлі өзгерістер мен бұзылыстарды тез байқауға болады.


Бұл  мәселені бір ғана орган шеше алмайды. Балаға жан-жақты бақылау  керек.Әсіресе, есепте тұрған "қиын балалар" мен жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдер үнемі назарда болуы тиіс дейді мамандар.

А. Базарбай