Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Мемлекеттік бағдарламамен пәтер алғандар, дәретханаға далаға барып жүр

AstanaTV
20.09.2021ж. 20:00
865
Мемлекеттік бағдарламамен пәтер алғандар, дәретханаға далаға барып жүр

Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен пәтер алғандар, дәретханаға далаға барып жүр. Өйткені көпқабатты үй кәріз жүйесіне қосылмаған. Жарық та, су да жоқ. Көпшілік мамыр айында кілт алғанымен,  баспаналарына әлі күнге жайғаса алар емес. Әріптесім Айзада Төребекқызы тақырыпты тарқатады.

Топтасқан бұл топ «Шаңырақ» бағдарламасымен пәтерлі болғандар. Баспанасы бар деген аты болмаса әлі пәтер жалағап жүрміз дейді көпшілігі. Білулерінше сандалып жүрген отбасылардың саны жүзден асады. Әрқайсысы 100 мың мен 170 мың теңгенің аралығында ай сайын несие төлеп жүргендерін жеткізді.

ШОЛПАН:

Қашан көшіп келетінімізді білмейміз. Күнде құрғақ уәдемен 15 күнді созып келе жатқанына екі ай болды. Ешқандай ешнәрсе жоқ. Майда үйді берді ма, біздің суымызды, светімізді ойлау керек еді. Халыққа қайда тұрады? Сонда не, мемлекеттің бағдарламасы деп алған мемлекеттің бағдарламасы осы болса қалғанына мен ештеңе айта алмайды екем.  Ештеңе айта алмай уже.

Сәуле САДЫҚОВА:
 
2020 жылы ноябрьден бастап бұл үйдің әр айғы төлемі жүріп жатыр. айына 110 мыңнан төлеймін мысалы. Бір жыл боп жатыр төлеп жатқанымызға. Ешқандай условие жоқ. Мен мысалы квартирада тұрам, екі жақты шығын боп жатырмын қазір.

Пәтер жағалаудан қиналғандардың кейбірі суы мен жарығы жоғына қарамастан қоныстанып алыпты. Ішер суын тасып амалдап жүр-ау, алайда ең қиыны ол емес екен.

Даланың өзінде де арнайы орын жоқ көрінеді.

Ақгүл БАТЫРХАН:

Баклажкаға сидіреміз балаларымызды. Мына баклажка дайындап қоямыз, шелектерге дайындап қоямыз бала-шағамызды. Соған сиіп отырады бала-шаға...үлкендерге де қиын боп жатыр.

Үйлі болдық деп қуанғандар құрылыстың сапасына да күмәнмен қарап отыр.

Әли БЕРКІНБАЕВ:

Квартирам үш бөлмелі. Мен 50\50 бағдарламасымен алдым. 23 млн-ға алдым. Енді 12 жыл бойы кредит төлейм. Бірақ енді мына состояниеде ...айдан айға трещина көбейіп жатыр.


Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Несиесінің алды 10 айдан бері төленіп жатқан тұрғын үйлердің сырты міне, айрап-жайрап жатыр. Тіпті электр желілерінің өзі міне жерде. Басқа барар жері болмағандықтан осында қоныстанып үлгерген тұрғындар әсіресе балаларының өмірі үшін қатты алаңдайды.

Мамырдан бері уәдеге әбден тойдық дескен жұрт осы ашумен қалалық әкімдіктің алдына топтасты. Күн болса суытып келеді дегендер мән-жайды әкімнің өз аузынан естігісі келді.

Бірақ әкім емес, шуласқан топқа құрылыс басқармасының басшысы шықты. Әбілсейіт Рабаев көпқабатты үйлердің жеке инвестордың қаржысына салынғанын алға тартты. Ал ең маңызды жарық, су мен газ секілді қажеттіліктердің әлі  күнге қосылмауын  жобалау кезінде кеткен қателік деп түсіндірді.
 
Әбілсейіт РАБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл жерде жеке мердігердің есебінен проект дайындалған ғой. Проект дайындалып, экспертизадан өткен. Бұл әрине жүйелі түрде кетіп жатқан қателіктер. Бұл бойынша да біздер тиісті қателіктер қай деңгейде кеткені бойынша  өзіміздің қызметтік тексеруімізді жүргіземіз. Бір аптаның ішінде свет, су. –уәде ғой?- уәде. Газ АГРС ке сәйкес.

Тұрғындар бұл уәде, алғашқысы емес десті. Шуласқандардың тағы бір тілегі көпқабатты үйге барар жол. Әзірге шаңы аспанға шығып жатыр. Айтпақшы, бес айдан бері сенделіп жүрген халық инфрақұрылымсыз-ақ пәтерлерді тапсырып кеткен компания, тап сол үйлердің маңында тағы да құрылыс жүргізіп жатқанын жеткізді.

А. Төребекқызы