Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елордада бір күнде 3 мыңға жуық ағаш егілді

AstanaTV
20.09.2021ж. 20:00
1423
Елордада бір күнде 3 мыңға жуық ағаш егілді

Елордада бір күнде 3 мыңға жуық ағаш егілді.  Шара бүкіл әлемдік тазалық күніне орай «Бірге-таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды. Қалалық сенбілікте саябақтар мен гүлзарлар да абаттандырылды.

Сенбілік  Тәуелсіздік даңғылы мен  Панфилов көшелерінің қиылысында, Есіл өзені жағалауындағы саябақта қызу жүргізілді. Шараға мыңнан астам адам қатысты. Олар- қала тұрғындары мен мемлекеттік қызметкерлер және әр түрлі ұйым өкілдері.

Асхат НАЛШЫБЕК, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ «ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ата-бабаларымыз айтпай ма, атадан мал қалғанша, тал қалсын дейді. Сол себепті, артымыздан еріп келе жатқан жас ұрпақтарға, жас өспірімдерге осындай жақсы үлгі-өнеге көрсетіп елімізді жасылдандыру, көгалдандыру мақсатында осындай акцияларды көбейтіп отырмыз.

Сенбілікте жалпы аумағы 3 млн шаршы метр   саябақ пен   гүлзар тазартылды.  450 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Күзгі ағаш отырғызу маусымында 500 мыңға жуық ағаш егу жоспарланған.

Шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов те қатысты. Ағаш екті, саябақты аралап, тұрғындармен жүздесті.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бізге қаламызды жасылдандыру үшін осындай жүйелі жұмыс керек. Биыл 2021 жылы біз 1 миллион жасыл желектерді егуді жоспарладық. Соның жартысынан көбі көктемде егілді. Енді қазір біз күзгі маусымды бастадық. Бүгі осы бүкіл қалалық, елордамызда субботник жасап жатырмыз. Тек осы парктің өзінде саябақта 1200 адам қатысып отыр. Жалпы қаламызда бүгін 2500 түп тал терек ағаш отырығызып жатырмыз.

Елордада саябақтар мен қоғамдық кеңестіктерді дамытуға ерекше мән беріледі. Себебі қала өскен сайын азаматтарға ыңғайлы жағдай жасау керек дейді-жауаптылар. Осы орайда бас қалада «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» шеберлік-жоспары қабылданған.
 
Б. Сатуов