Құрғақшылыққа байланысты биыл елімізде астық аз жиналмақ. Бірақ, ішкі қажеттілік толық қамтамасыз етіледі. Ауыл шаруашылығы министрі дәнді және майлы дақылдардан тарығу болмайды, деді. Айтуынша, республика бойынша болжамды түсім -18 миллион тонна. Биыл әлемнің өзге елдерінде де жағдай мәз емес. Сондықтан Қазақстан экспорттық әлеуетін сақтап қалуы керек. Мамандардың айтуынша, 6-6,5 миллион тонна астық сатуға мүмкіндігіміз бар. Қытайға жіберілетін бидай көлемі артады. Сондай-ақ, бидай мен ұн Орта Азия, Иран мен Ауғанстанға экспортталады. Егін жинау науқаны қазір аяқталып қалды. Бидайдың сату бағасы бекітілді.
Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
3-сыныпты бидай үшін сапасына қарай 103-107 мың теңге аралығында, 4-сыныпты бидай үшін 98 мың теңге, 2-сыныпты арпа үшін 87 мың теңге мөлшерінде белгіледі. Осылайша, әділ баға белгілеу астық бағасының күрт ауытқуын болдырмауға мүмкіндік бермек.
Бірақ экономистер министрдің сөзімен келіспейді. Айтуынша, астықтың жиналуы кезеңінде берілген есептің толық жүзеге асуы екі талай.
Бауыржан ЫСҚАҚОВ, ЭКОНОМИСТ:
Бірақ та қыстың ортасында, көктемнің кезінде, келесі жылдың бидай орымдары басталатын уақыттарда бізде осындай тапшылықтардың бізде жыл сайын қайталанатыны белгілі. Сол үшін біз осы жоспардағыдан да жоғары дәрежеде өзімізге қор жинауды қамтамасыз етуіміз керек.
А. Данияр