$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыға құрылысшы мамандар қажет

AstanaTV
22.09.2021ж. 20:00
1213
Алматыға құрылысшы мамандар қажет

Алматыда құрылысшылар тапшы. Салаға 20 мыңнан аса маман керек. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы саяси кеңес бюросының кеңейтілген отырысында айтылды.
Партиялықтардың сөзінше,  жұмысшы күшінің азаюына пандемия себеп болған. Шетелдік мигранттар елден кетіп, маман тапшылығы туындаған. Құрылыс материалдарының бағасы да қымбаттаған. Соның салдарынан биыл қаладағы 5 мектепті пайдалануға беру мерзімі кешеуілдеуде. «Жас-Қанат» ықшамауданындағы балабақшаның да құрылысы тоқтап тұр.

Мейіржан ОТЫНШИЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Біраз іске асырылу қаупі бар шаралар көрсетілді. Солардың шешу жолдарын қарастырдық. Бес мектептің құрылысы  тағы да жарты жылға созылып тұр. Подрядчиктермен сот мәселелері жүріп жатыр. Яғни бүкіл айтылған уәделер орындалуы тиіс деген тапсырма қойылды.

Ә. Лесбек