Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қ. Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйледі

AstanaTV
23.09.2021ж. 20:00
1249
Қ. Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйледі

БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-ыншы сессиясында сөз алған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 -дан кейін  қайта қалыпқа келу   және  Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы айтты. Сонымен қатар нәсілшілдік, вакцина алу, кедейлік пен теңсіздік жайы  сөз болды. Сондай-ақ БҰҰ-на Оңтүстік Кореяның мәдени елшісі ретінде келген BTS тобының  өнері көпшіліктің көңілінен шықты.    

БҰҰ Бас Ассамблеясының екінші күні де қарбаласқа толы болды. Күн тәртібінде -әдеттегідей Ауғанстан мәселесі. Ол түсінікті де. Әсіресе Қазақстан секілді іргелес көршілер үшін бұл өте өзекті. Қасым-Жомарт Тоқаев  Ауғанстанның жаңа үкімет құру жөніндегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің үндеуін құптайтынын айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ауғанстан өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауды жалғастыруы тиіс және бұл ел террористердің, есірткі саудасының және адам саудагерлерінің мекеніне айналмауы керек. Саяси немесе жеке көзқарасымызға қарамастан, біз енді Ауғанстан халқын қолдағанымыз жөн.


Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорктегі басқосуға барған жоқ. Барлық келіссөз онлайн форматта өтті. Өйткені COVID әлі өршіп тұр. Президенттің айтуынша, пандемиядан аман қалудың бар амалын жасау керек. Әлемде 130 миллионнан астам адам тақыр кедей санатында. Сондықтан бұл қадамның маңызы зор, деді мемлекет басшысы.
 
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Пандемия біздің осал тұстарымызды және  көпжақты және халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетті. Біз әділетті, тұрақты және гуманды әлемді қалпына келтіруге міндеттіміз.  Вакцинаға қолжетімділіктің жалпыға ортақ әрі әділ қағидасын қамтамасыз етуіміз керек.   

Нәсілшілдік, вакцина алу, тіпті жасырын интригалар. Бұл үлкен саясат үшін үйреншікті нәрсе.  Австралия премьер-министрі Скотт Моррисон Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесуден бас тартты. Бағасы 90 миллиард долларлық сүңгуір қайықтар жобасынан шыққан жанжал шамасы әлі басылмаса керек.

Скотт МОРРИСОН, АВСТРАЛИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Бүгінде мұны іске асыруға мүмкіндік жоқ. Дегенмен алдағы уақытта біздің де күніміз туарына сенемін. Өйткені ең алдымен Австралияның ұлттық мүддесі қамтамасыз етілуі қажет.

Кездесуде Оңтүстік Кореядан келген әйгілі BTS тобының музыканттары дипломат ретінде сөз алды. Жастар мәселесіне, кедейлік пен теңсіздік жайына тоқталды. Олардың уәжі көпшілікті ойландырғаны анық.

Ким НАМ, ДЖУН BTS ТОБЫНЫҢ ӘНШІСІ:


Қазіргі жас буынды COVID-19-дың кесірінен жоғалған ұрпақ деп атайтынын естідім. Өйткені олар осы індеттің кесірінен өздерін көрсете алмады дейді.  Мүмкіндігі де болмады. Сондықтан осы буынды адасқандар деген жаңсақ пікір қалыптасты. Бірақ аға буынның өзіне жол табу оңай емес. Сондықтан мұны қате деп санаймын.

Өнерпаздардың бұл пікірін миллионға жуық  адам тікелей эфирде тыңдады. Олардың сөзі аяқталғаннан кейін YouTube-арнасындағы көрермендер саны күрт азайып, 50 мыңға да жетпей қалды.   Бас Ассамблеяның 76-сессиясы аралас форматта өткізілгені  жастардың БҰҰ штаб пәтерінде  бейнеролик түсурегк едергі келтірген жоқ. Туындыны     10 миллионнан астам адам тамашалаған.

Е. Карин