Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Бес адамды атты деген күдікті екі айға қамалды

AstanaTV
23.09.2021ж. 20:00
1352
Бес адамды атты деген күдікті екі айға қамалды

Алматыда 5 адамды атты деп күдікке іліккен Игорь Дужнов екі айға қамауға алынды. Бүгін сот бұлтартпау шарасын тағайындады. Сот отырысына жеткізілген күдікті, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді. Қылмысқа отбасын қорғау мақсатында барғанын айтып, ақталды.

Қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты, күдікті Игорь Дужновқа қатысты бұлтартпау шарасын тағайындады. Күдіктінің адвокаттары судьядан процестің жабық өтуін сұрады. Дегенмен судья қорғаушылардың талап-арызын қанағаттандырмады. Шешімді де жария етті.  

Жанәбіл АҚЫНОВ, АЛМАТЫ қ. МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ТЕРГЕУ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сот күдікті Дужновқа қатысты 2 ай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шешімін шығарды. Күдікті Дужновтың әрекеті Күдікті «Адам өлтіру» және «Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану» бабымен қаралуда.


Ақбұлақта атыс дүйсенбі күні болды. Күдікті үйін босатуды талап еткен сот орындаушы мен екі учаскелік полиция қызметкеріне аңшы мылтығымен оқ атқан. Олармен еріп келген тағы екі адамды жайратып салды. Қанды оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қалалық сот күдіктінің бұл жалғыз баспанасы емес екенін хабарлады.

Абай ЖАРЫЛҚАСЫН, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:


Жауапкерлердің қарызды өндіріп алу туралы сот шешімінің ұзақ уақыт бойы орындамауы. Жауапкерлер мен отбасы мүшелерінің халықтың осал топтарына жатпауы және де сот жауапкер Дужновтың яғни Демирчянның жұбайы басқа үйі бар екенін анықтады.


Қанды оқиғаға қатысты Мемлекет басшысы да пікір білдірді. Ол жағдайды егжей-тегжей мұқият зерделеуді тапсырды. Әрі Үкімет пен Ұлттық банкке заңнамалық, нормативтік түзетулер пакетін дайындауды тапсырды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Адам өлтіруді оның қандай да бір себебі болса да ақтауға болмайды. Жағдай тек қана құқықтық алаңда шешілуі тиіс. Үкімет, Ұлттық банк және қаржы нарығын реттеу агенттігі, заңнамалық және нормативтік түзетулер пакетін бір ай мерзімде әзірлеуі керек. Мамандар бұл проблеманы мұқият зерделеуі тиіс.

Айта кетейін қанды оқиғадан кейін қоғамда пікірі екіге жарылды. Бірі күдіктінің қылмысын ауыр десе, екіншісі сот орындаушының әрекетін құптамайды.

Ә. Лесбек