Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елордада «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпаздары марапатталды

AstanaTV
23.09.2021ж. 20:00
1249
Елордада «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Елордада дәстүрлі "Жомарт жүрек" байқауының жеңімпаздары марапатталды. Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі ұйымдастырған  дөңгелек үстелде  бес номинация бойынша үздіктер анықталды.  Шара "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында өтті.

Байқауға мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері мен волонтерлар  қатысты. Мәртебесі артып, лауреат атанғандардың қатарында денсаулық  сақтау ісінің үздігі Мұхтар Төлеутаев та бар. Пандемия басталғалы қауіпті індетке шалдыққан 2 мыңнан астам адамды емдеген ақ халатты абзал жан "Жыл тұлғасы" номинациясын иеленді.

Мұхтар ТӨЛЕУТАЕВ, "ЖЫЛ ТҰЛҒАСЫ" НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ:

Менің ойымша бұл, әр адамның емес,бұл жерде марапат алған адамның емес, мысалы мен өзімнің ұжымымының марапаты деп білемін. Өйткені менде 2 мыңнан астам қызметкер бар.


Сондай-ақ шарада аз қамтылған  отбасылар мен қам көңіл жандарға қамқорлық көрсетіп жүрген үкіметтік емес ұйымдар мен меценаттарға  да құрмет көрсетілді.   Еңбегі еленген азаматтар "Жыл ұйымы", "Жылдың үздік қамқоршысы", "Жыл меценанты"  номинацияларымен марапатталды.

Мәлік ШЕГЕБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Міне, биыл да өздеріңіз көріп тұрғандай "Жомарт жүрек" Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қорытынды іс шарасын өткізіп жатыр.Яғни жомарт жандарды құттықтап.Өткен жылы өздеріңізге белгілі пандемияның кезінде елдің қандай жағдайға түскені. Сол кезде қайырымдылық көрсеткен, танытқан жандарды бүгін марппаттадық.

Айта кетейік, "Жомарт жүрек" сыйлығы  4-ші жыл  ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі байқаудың осы уақытқа дейін 120-дан астам жеңімпазы бар.

Б. Сатуов