Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматыда қаруланған ер адам балабақшаға кірмекші болған

AstanaTV
24.09.2021ж. 20:00
1482
Алматыда қаруланған ер адам балабақшаға кірмекші болған

Алматыда ер адам   балабақша ауласына тапаншамен кірмек болды.  Әлеуметтік желіде осындай бейнежазба тарады.  
 
Оқиға Наурызбай ауданындағы коттедж қалашығының маңайында болған. Автордың айтуынша, ер адам балабақшаға баласын әкелген, бірақ күзетші ішке кіргізгісі келмеген көрінеді. Содан кейін ол тапаншамен қорқыта бастапты.   Ал балабақша басшылығы оның қолында қару болғанын білмедік дейді.

Гүлнәр ЖЕКСЕНБЕКОВА, БАЛАБАҚША ДИРЕКТОРЫ:

Ол адам -біздің балабақшаның ата-анасы. Біздің орталық «Елисей даласы» коттедж қалашығының ішінде орналасқан. Аумақтың күзетшілері өмірі ата-аналармен ұрысып оларды шлагбаумнан өткізбей жатады. Бүгінгі дау да соның салдарынан болған.

Оқиғадан кейін балабақша басшылығы  құзырлы орынға шағымданған.  Полиция ер адамның қаруға рұқсаты бар екенін анықтапты.

АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Бұл жағдай Наурызбай аудандық полиция басқармасы тіркелді. Қазіргі тергеу жүріп жатыр. Газ тапаншасы екені анықталды, рұқсаты бар. Тергеу аяқталған соң тиісті шара қолданылады.

Ә. Лесбек