Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстан мен Түркия парламенттерінің ынтымақтастығы нығаяды

AstanaTV
27.09.2021ж. 20:00
1090
Қазақстан мен Түркия парламенттерінің ынтымақтастығы нығаяды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға ресми сапармен келген. Түркия Ұлы ұлттық жиналысының спикері Мұстафа Шентоппен кездесті. Тараптар екі мемлекеттің парламенттері бірлесіп, жоғары деңгейдегі мақсаттарға қол жеткізетініне сенім білдірді. Нұрлан Нығматулин арадағы қарым-қатынас қос мемлекет басшыларының арасында қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында қарқынды түрде дамып келетінін атап өтті.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Алдағы уақытта біздің заң шығарушы органдар арасында ынтымақтастық жөніндегі топтар, парламенттегі комитеттер арқылы іссапарлар және тәжірибе алмасу жұмыстарын белсенді жүргізетін боламыз.

Мұстафа ШЕНТОП, ТҮРКИЯ ҰЛЫ ҰЛТТЫҚ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақстан Түркия үшін ерекше мемлекет. Біздің елдер арасындағы қарым-қатынастың дамуында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының рөлі зор. Барлық саладағы ынтымақтастығымыздың нығаюына екі халықтың рухани байланысы да ықпал етіп отыр.

Б. Сатуов