Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Алматыда оныншы мерейтойлық қайырымдылық марафоны өтті

AstanaTV
27.09.2021ж. 20:00
1021
Алматыда оныншы мерейтойлық қайырымдылық марафоны өтті

Алматыда жүгіруден оныншы мерейтойлық, қайырымдылық марафоны өтті. Желаяқтар жарыс жолына пандемияға байланысты үзілістен кейін шықты. Қауіпсіздік шарттары қатаң сақталған  Орталық Азиядағы ең ірі спорттық шараға өңірлерден де, тіпті  көршілес елдің азаматтары да арнайы келіп, бақ сынады. Бесінші жыл қатарынан ауқымды жарыстың бас серіктесі Kaspi.kz болып келеді.

Түрлі жастағы жандардың басын қосатын дәстүрлі шара, биыл ерекше басталды. Жүгіруді күнделікті дағдыға айналдырғандар, бұл күнді асыға күткендерін жеткізді. Өйткені ауқымды шара індетке байланысты 2 жыл қатарынан кейінге қалдырылған. Стартқа дейін «Ашық» қосымшасымен тексеріліп, жарыс соңына дейін бетперде таққан желаяқтар марафонның өткеніне  қуаныштары екенін жасырмады.

Жан БАҒДӘУЛЕТОВ, МАРАФОН ҚАТЫСУШЫСЫ:
 
Ең керемет күн болды. Өйткені екі жылдан кейінгі карантиннан кейін біздің керемет Алматы Марафон өтті. Өте қуаныштымын.


Еркебұлан САҒЫНБАЕВ, KASPI.KZ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Kaspi.kz ұжымы бүгін осы марафонға қатысты. Бір команда болып жүгіріп өттік. 42 км-ді 2 сағат 56 минутта жүгірдік. Келіп қатысқанымызға өте қуаныштымыз.

Бүгінгі бәсекеге әуесқой спортшылар «ашық» қосымшасы арқылы қатысты. "Алматы марафонына" елдің түкпір-түкпірінен арнайы үміткерлер де келген. Арасында көршілес елдердің азаматтары да бар. Қатысушылар бірнеше қашықтық бойынша сынға түсті. Олар қала көшелерімен 10, 21 және 42 шақырым жүгіріп өтті. Ауқымды жобаға Kaspi.kz осымен бесінші рет бас демеуші болып отыр.

Михаил ЛОМТАДЗЕ, KASPI.KZ БАСШЫСЫ ЖӘНЕ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫЛАРДЫҢ БІРІ:

Біз, Kaspi «Алматы марафонды» қуана, мақтанышпен 5 жыл бойы қолдап келеміз.  Бұл мыңдаған қазақстандық пен қонақтар қатысатын елдегі ең ауқымды спорттық шара. Биыл марафонды өткізу мүмкіндігі туғанына қуаныштымыз. Қатысушылар мен ұйымдастырушыларға спортты қолжетімді жасағандарыңыз үшін алғыс айтамын.

Спорттық бәседе аталған Kaspi.kz қызметкерлері де белсенді. Тіпті экиден командасында ерлермен тең жүгірген ару қыз да болды. Олар спортпен қатар, қайырымдылыққа да көңіл бөлу аса маңызды деп санайды.  

Инна ЛИ, KASPI.KZ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Адамның өзіне деген сенімі мен ниеті болса, барлығын жасай алады. Сол сияқты бүгінгі жарыс та біз үшін аса бір қиын болмады. Керісіне бізді жігерлендірді.

Ринат ЖАҚЫПБЕКОВ, KASPI.KZ ҚЫЗМЕТКЕРІ:


Kaspi-ге, Алматы марафонға өте көп рахмет. Біз жыл бойы команда kaspi.kz деп шығарамыз.  Бір команда емес, екі-үш команда шығарамыз.

Айта кетейік, ауқымды шарадан түскен қаржы әдеттегідей қайырымдылыққа жұмсалады. Жиналған қаражатқа мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт алаңдары мен жүгіруге арналған жаттығу базасы салынады.  Айтпақшы, биылғы марафонда жекелеген спортшылар мен ұйымдардан бөлек параолимпиадашылар да белсенді болды.

Ә. Лесбек