Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қостанай мен Көкшетауда қар жауды

AstanaTV
27.09.2021ж. 20:00
1252
Қостанай мен Көкшетауда қар жауды

Бүгін Қостанай мен Ақмола облыстарында   қар жауды. Синоптиктер жауын соңы қарға ұласатынын алдын ала ескертсе де, жұрт табиғаттың тосын мінезіне тосырқап қалды    Көкшетау тұрғындары әлеуметтік желілерде қардың қалың екенін айтып, қозғалысқа қиындық туғызғанын жазуда. Қостанайда да көлік жүргізушілер әбігерге түсті. Бірақ, ақ ұлпа тез еріп кеткен.  "Қазгидромет" мамандарының айтуынша, ел аумағының көп бөлігі циклон әсерінде болады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста қар аралас жаңбыр болады деп ескертеді.   

З. Санай