$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанайда бюджет қаржысына иттерге арналған алаң ашылды

AstanaTV
27.09.2021ж. 20:00
1256
Қостанайда бюджет қаржысына иттерге арналған алаң ашылды

Қостанайда итке арналған алаң салу үшін бюджеттен қаржы бөлінген. 4 миллион теңгеге салынған алаңда не бар?  Иттерге  мұндай арнайы орын не үшін керек? Тілшіміз Заңғар Санай біліп қайтты.

Бұл алаң- итқұмар тұрғындардың игі арманы еді. Олардың көксегені  «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асты. Қала тұрғыны  Анна Измайлова сарапшылар кеңесіне авторлық жобасын ұсынып, иттерге арналған алаң ашу өте өзекті екенін түсіндірген. Онлайн дауыс беру кезінде оны қостанайлықтар да қолдаған көрінеді.

Анна ИЗМАЙЛОВА, ЖОБА АВТОРЫ:

Өте өзекті жоба.Біріншіден қоршалған аумақ тұрғындар үшін қауіпсіз.Одан қалды  осы алаңда ит ұстайтын адамдар көп  жиналады.Олардың қарасы қалың. Осының бәрі арнайы алаңның қажет екенін анық көрсетіп отыр.

Мұнда иттерді ойнатуға арналған  ағаш  кедергілер мен жаттығу жасайтын жабдықтар  орнатылған. Келушілер  төрт аяқты серіктерін  тұмылдырық пен шынжырдан босатып, алаңсыз жіберіп қояды.

Павел АЛЕШИН, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұрын үйдің ауласын айналып,  тұмылдырық кигізіп жүретінбіз. Итке де обал. Енді міне темір қоршауда асыр салып, емін-еркін жүр. Дәл осындай алаңды көптен бері күткен едік.

 
Саққұлақтар мекені екі айда салынған.  Ол үшін қалалық қазынадан  4 миллион теңгеге жуық  қаражат бөлінген.
 
Самат ЖАНДІЛДИН, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Үй жануарларын серуендетуге байланысты кикілжіңдер шығып қалады.Аулаларда.Саябақтарда иттерін алып жүреді. Соған қарсылар да болады деген сияқты.Сондықтан осы жоба енді бастамасы.Бұл тұрғындар тарапынан қолдау тауып отыр.


Был өңірде «Халық қатысатын бюджет»  аясында тағы 5 жоба жүзеге асырылмақ. Ал үй жануарларының жанашырлары тағы да ит алаңдарын  ашуды көздеп отыр.Сондай-ақ иесіз ит-мысықты бағатын орын салу мәселесін көтеруде. Ол жобаның  құны 25 миллион теңге.

З . Санай