$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырды

AstanaTV
03.04.2017ж. 20:00
2799
«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырды

Қостанайда еңбек жәрмеңкесі өтті. Оған 50-ге тарта адам келіп, екі қолға бір күрек іздеді. Жәрмеңкеге қатысушыларға қаладағы 20 кәсіпорынның өкілдері өз талаптарын түсіндіріп, бос орындарды ұсынды.

Шараның мақсаты -  тұрмысы төмен отбасы мүшелері мен жұмыссыз жүрген жандарды еңбекпен қамту. Бұған мұрындық болған "Нұр Отан" партиясының Қостанай облыстық филиалы. Шара «Бақытты отбасы - Бақытты балалық шақ» жобасы аясында өтті.

"Алдағы уақытта игі бастама жалғасын тауып, аймақта тағы бірнеше рет жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр", - дейді «Нұр Отан» партиясының облыстық филиал өкілдері. Қалада жыл басынан бері бір жарым мың жұмыссыз болса, оның  600-ден астамы бүгінде жұмысқа орналастырылған.

Олжас Дүйсеков, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ саяси жұмыстар бөлімінің кеңесшісі:

Былтыр 4 жәрмеңке өткен болатын. Жалпы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен 350-ге жуық азамат жұмыс орындарын тапқан болатын тек осы жоба аясында. Биыл тағы да кемінде 4 жәрмеңке ұйымдастыруды көздеп отырмыз.

Светлана Нинард, жұмыссыз:

Шаштараздың жұмыс орнын қарастырып қойдым. Ал мүгедектер қоғамы дизайнер ретінде гүл отырғызумен айналысуды ұсынып отыр.