Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Қазақстанның көлік әлеуеті: бастауы мен болашағы» халықаралық конференциясы өтті

AstanaTV
29.09.2021ж. 20:00
1705
«Қазақстанның көлік әлеуеті: бастауы мен болашағы» халықаралық конференциясы өтті

«Қазақстанның көлік әлеуеті: бастауы мен болашағы». Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында осы тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Онда көлік-логистика мәселелері талқыланды. Оған министрлік өкілдері, сала ардагерлері және «Қазақстан темір жолы» компаниялар тобының басшылары келді. Шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Құрметті теміржолшы, көрнекті мемлекет қайраткері Нығметжан Есенғариннің 80 жылдығына арналды.

Тәуелсіздік жылдарында теміржол саласы ел экономикасын қолдайтын өңірлік хаб ретінде қалыптасты әрі дамыды. Конференцияға қытысушылар көлік әлеуетінің бастауын, сондай-ақ  болашағын баяндады. Қазақстанда осы жылдар ішінде 2,5 мың шақырым темір жол салынса, соңғы 10 жылда "Қытай-Еуропа-Қытай" тасымалдары көлемі 10 есеге артқаны белгілі болды.
 
Нұрлан САУРАНБАЕВ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту транзиттік жүк ағынын тартуға мүмкіндік берді. Контейнерлік тасымалдар тұрақты өсімді көрсетті. Биыл біз контейнерлік транзиттік тасымалдар көлемін 1 млн. ЖФЭ-ге дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Учаскелердің өткізу қабілетін арттыру үшін теміржол инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі жобалар іске асырылуда. Достық станциясы мен Достық–Мойынты желісін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
 
Теміржолшылардың да еңбегі ерен. Олар жыл 12 ай өз істеріне адал және асқан жауапкершілікпен қараудың арқасында көптеген нәтижелерге қол жеткізді. Соның бір дәлелі мемлекет қайраткері - Нығметжан Есенғарин. Ол еңбек жолын қарапайым электромеханик болып бастаған. Ізденісінің арқасында бірінші көлік министріне дейін көтерілді. Бұл көпшілікке үлгі болары сөзсіз. Жастарды шабыттандырып, теміржол ардагерлеріне деген құрметті еселей түседі. Бүгінде қарт теміржолшы 80 жасқа толып отыр. Мерейтой иесіне өзінің жылы лебіздерін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та жолдапты. Сала ардагерін сондай-ақ әріптестері, серіктестері және халықаралық теміржол ұйымдарының өкілдері құттықтады. Адамгершілік қасиеттеріне тоқталды.

Қуаныш ІДІРІСҰЛЫ, АРДАГЕР:

Адам ретінде қандай қасиеті бар екенін айтайын. Ол өте қарапайым адам. Ол кісі видимо, принцип демократияны бастаған секілді. Ол кісі даусын көтермейтін де. Не ординарный личность деп. Жұмысында да неординарный личность болды. Жұмыс істегені, метолды, подходы не ординарный.

ҚТЖ жаңашылдықтарды енгізу үшін білікті маман даярлауға, жастардың өсуіне жағдай жасап отыр. Шетелдік серіктестерімен бірлесіп көптеген өндіріс орындарын іске қосты. Қазір Қазақстанда локомотивтер, вагондар, рельстер шығаратын зауыттар пайда болды.  Яғни отандық өнім жолға қойылған.

Д. Жарқынбек