$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада жол апатынан 5 адам қаза тапты

AstanaTV
30.09.2021ж. 20:00
1886
Елордада жол апатынан 5 адам қаза тапты

Елордада жол апатынан бес адам қаза тапты. Қайғылы жағдай қаланың дәл ортасында болған.  Қазір оқиғаның  себеп-салдары анықталып жатыр. Апаттан аман қалған жалғыз адам бар, қазір оның жағдайы қалай? Көлік жүргізушілеріне қатысты қандай ақпарат бар? Тілшіміз Бекболат Сатуовтың репортажы.  

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Жантүршігерлік жол апаты Есіл өзені арқылы өтетін осы көпір үстінде болған. Toyota Camry автокөлігінің  жүргізушісі  қатты жылдамдықпен келіп, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Полиция департаментінің мәліметінше,  ол көліктің тізгінінде 19 жастағы жігіт болған,  ал  нексия равон колігінің жүргізушісінің жасы -28-де.Оқиға орынында екеуі де көз жұмды.


Сондай-ақ апаттан нексия равон көлігінде болған екі жолаушы мен тайота камри көлігіндегі бір адам қайтыс болды. Ал  тағы бір жолаушы  ауыр халде академик Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығына жеткізілген. Дәрігерлер 18 жастағы бойжеткеннің жағдайы ауыр дейді.

Бақытжан СМАНОВ, АНЕСТЕЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГ ДӘРІГЕР:


Қазір науқастың жағдайы ауыр.Операция жасалды.Күрделі операция өтті, омыртқасына өтті. Көп қан жоғалтты. Қазір бізде аппарат ИВЛ-да жатыр ол кісі.  

Оқиғаға қатысты  қылмыстық іс қозғалды. Құзырлылар жүргізушілерді барынша сақтыққа шақырып отыр.

Данияр ОРАЛ, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда осы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде.Біз жүргізушілерді ескертеміз, қазіргі таңда ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты, қар аралас жаңбырдың жаууына байланысты және түнгі уақытта күннің сууына байланысты жолдағы жағдай өте қиын. Сондықтан жолда өте мұқият, сақ болуыңыз керек.

Айта кетейік елордада ауа-райының қолайсыздығынан жол апаты жиілеген. Бір күнде 91 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Б. Сатуов