Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері, Екібастұз қала әкімдігінің 3 бірдей шенеунігі ұстады. Мұны қала әкімдігінің баспасөз хатшысы растады. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары мен оған бағынышты екі қызметкердің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Қала әкімінің орынбасары, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары және осы бөлімнің статист маманы не себепті ұсталғаны әзір белгісіз.
Ө. Қуанар