Бүгін-радио күні. Мемлекет басшысының бастамасымен бекітілген айтулы дата Қазақ радиосының 100 жылдығымен орайластырылған. Себебі, 1921 жылы дәл осы күні, яғни тура 100 жыл бұрын Қазақ радиосы алғаш рет әуе толқынында хабар таратты. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың бастамасымен Қазақстаннның сол кездегі астанасы Орынборда алғаш тұсауы кесілді. Содан бері радио ұлтымыздың үн жариясына айналды. Бүгін елордадағы "Қазмедиа орталығында" салтанатты шара өтті. Мерекелік кеште Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты оқылды.
Сауық ЖАХАНОВА, ҚАЗАҚ РАДИОСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:
Қазақтың тілін, ділін, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, салт-дәстүрін танытқан қазақ радиосы. Қазақ радиосы сондықтан бәріміздің тойымыз. Бәріміздің 100 жылдығымыз.
Б. Сатуов