Павлодардағы Метталургтер саябағына 400 түп ағаш егілді. Шараны жасотандықтар қарттар күніне арнайы ұйымдастырған. Ағаш егуге белсенді жастармен бірге ардагерлер де келді. Сондай-ақ, шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерлан Саиров, Елнұр Бейсембаев та қатысты. Мақсат- өскелең ұрпақты табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға шақыру,- дейді жасотандықтар.
Санира ЖҮСІПОВА, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:
Ағашты салып ғана қоймай, бұл ағаштың өсіп өнуіне де ат салысатын боламыз. Бүгінгі таңда 50-ден аса жас отандық қатысып отыр. Осы шара жалғасын табатын болады.
Шараға аға буын өкілдерінен бөлек, мектеп оқушылары да атсалысты. 7 жастағы Бағұстар Сүлеймен түске дейін өзі 8 ағаш еккен. Ол павлодарлықтарды игі істер жасауға шақырды.
Бағұстар СҮЛЕЙМЕН, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Мен Павлодардың жасыл желекке оранған әдемі қала болғанын қалаймын. Ол үшін ағашты көптеп отырғызу керек. Адамдары мейірімді қаланың ағашы да биік болып өседі - деп ойлаймын.
Ө. Қуанар