$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Сыр елінде Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің отырысы өтті

AstanaTV
01.10.2021ж. 20:00
1698
Сыр елінде Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің отырысы өтті

Сыр елінде Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жүздесуге кеңес мүшелері, этно мәдени бірлестік басшылары мен көшбасшы әйелдер келді. Бұл кездесу Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған. Кеңестің негізгі мүшелерін өз уақытында табанды еңбек еткен, қазір зейнеттік демалыстағы ақ жаулықты аналар қамтиды.  

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Бұл кездесу Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылуда. Елбасымыз алаштың анасына балаған Сыр елінің аналары қашанда қаһарман, еңбекқор да табанды жандар болып табылады.


Назипа ШАНАИ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Қазақстан Республикасы бойынша бүгінгі таңда 2014 жылы ашылған аналар кеңесінің саны 1827 ге жетті. Біздің қатарымызда 11 мыңдай ана белсенді  жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта  14 облыста 45 қалада, 182 ауданда 1430 ауылда аналар кеңесі бар. Соның ішінде 127-сі бұл этно мәдени бірлестіктердің жанынан ашылған, ал кәсіпорындарда 29  аналар кеңесі бар.

А. Базарбай