Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Павлодарда 400 түп ағаш егілді

AstanaTV
01.10.2021ж. 20:00
917
Павлодарда 400 түп ағаш егілді

Павлодардағы Метталургтер саябағына 400 түп ағаш егілді. Шараны жасотандықтар қарттар күніне арнайы ұйымдастырған. Ағаш егуге  белсенді жастармен бірге ардагерлер де келді. Сондай-ақ, шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары  Ерлан Саиров, Елнұр Бейсембаев  та қатысты.  Мақсат- өскелең ұрпақты табиғатты аялауға, қоршаған ортаны  қорғауға шақыру,- дейді жасотандықтар.

Санира ЖҮСІПОВА, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:


Ағашты салып ғана қоймай, бұл ағаштың өсіп өнуіне де ат салысатын боламыз. Бүгінгі таңда 50-ден аса жас отандық қатысып отыр. Осы шара жалғасын табатын болады.


Шараға аға буын өкілдерінен бөлек, мектеп оқушылары да атсалысты. 7 жастағы Бағұстар Сүлеймен түске дейін өзі 8  ағаш еккен. Ол павлодарлықтарды игі істер жасауға шақырды.

Бағұстар СҮЛЕЙМЕН, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен Павлодардың жасыл желекке оранған әдемі қала болғанын қалаймын. Ол үшін ағашты көптеп отырғызу керек. Адамдары мейірімді қаланың ағашы да биік болып өседі - деп ойлаймын.

Ө. Қуанар