$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралдық бикеш "Барби" боламын деп қабырғасын алдырды

AstanaTV
01.10.2021ж. 20:00
2475
Оралдық бикеш "Барби" боламын деп қабырғасын алдырды

Әлемге әйгілі Барби қуыршағына ұқсауға тырысқан оралдық бикеш екі қабырғасын алдырып тастады. Сондай-ақ  эльфтерге еліктеп құлағының пішінін өзгерткен. 22 жастағы Елена Рагузованың салмағы қазір -40 келі. Ал белінің өлшемі 46 сантиметрге дейін жіңішкерген. Күрделі операцияға 1 миллион 200 мың теңге жұмсапты. Дәрігерлер мұндай отадан кейін денсаулығын қалыпқа келтіру  үшін әлі жарты жыл күтінуге кеңес берген. Бірақ Елена оған қарамастан, тәнін тағы да жетілдірмек.  "Арманым екі жыл ішінде Барби секілді сымбатты болу",- дейді.

Елена РАГУЗОВА, "БАРБИГЕ" ЕЛІКТЕГЕН БОЙЖЕТКЕН:

Денеме жеті жерден тату салғыздым. Астана мен Алматыға арнайы барып, осындай өрнек салатын шеберді таңдап алып жасаттым. Болашақтың Барбиі болғым келеді. Денеме чип салғызып, бүкіл ақпаратты сонда жинақтап, ақшамды сол чипте ұстасам деймін.  Сосын мұрным мен иегімді түзетуді жоспарлап отырмын.


Е. Карин